«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің белгісі» - АО «Астана — Теплотранзит»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай «Астана-Теплотранзит» АҚ іс жүргізу және персоналды басқару қызметінің ұйымдастырумен «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің белгісі» атты сайыс өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін кеңінен насихаттау, Мемлекеттік Туды ұлықтау әрі оның қадірін жас ұрпақтарға жан-жақты түсіндіру, рәміздерге деген құрметті арттыру. Сайысқа 1992 жылы туған «Астана-Теплотранзит» АҚ қызметкерлері қатысты. Сайысқа қатысушылар алғыс хатпен марапатталып, кітаптар сыйға таратылды.