Сұрақтар - АО «Астана — Теплотранзит»

Құрметті тұтынушылар!

Сіздерді өз блогымның парақшасында көруге қуаныштымын!

«Астана-Теплотранзит» АҚ-ның бұрыннан келе жатқан дәстүрі, жоғары білікті мамандардан құрылған ұжымы бар. Блог арқылы қарым-қатынас қала тұрғындарын қызықтыратын сұрақтарға жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Бұл – біздің компания қызметінің ашықтығы пен айқындылығы жолындағы тағы бір қадам.

Осы диалог алаңы біздің бірлескен жұмысымызда пайдалы ресурс пен тиімді құрал болады деп үміттенемін.

Құрметпен,

Қайрат Баяндыұлы Бегімов

 «Астана – Теплотранзит» АҚ

басқарма төрағасы

Сұрақ қою алдында жиі қойылатын сұрақтармен танысуыңызды сұраймыз. Өз сұрағыңызға жауап табуыңыз мүмкін. Сонда сұрақ қоюдың қажеті болмайды.

«Тұтынушыларға арналған ақпарат» бөлімінде сіз жаңа нысан бойынша шекараларды бөлу актісін алу үшін қажетті құжаттар тізбесін таба аласыз.

– Сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты (немесе бұйрық, қабылдау-беру актісі, меншік иесі туралы мәліметтер) (көішрмелер);
-Әзірлік анықтамасы (көшірме);
– Алдыңғы шекараны бөлу актісі (көшірме).

«Астана-Теплотранзит» АҚ сайтында «Тұтынушыларға арналған ақпарат» – «Техникалық шарттарды алуға арналған құжаттар тізбесі» бөлімінде құжаттар тізбесі орналастырылған.

Бұл мәселені қарау объектінің орналасқан жерін және қолданыстағы жылу желілерінің құбырларының өткізу қабілетін тексеру үшін қажетті жылу жүктемелерін көрсете отырып, өтінімді алғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 9-тармағына сәйкес қарастыру мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.

Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 18-тармағына сәйкес бұрын берілген техникалық шарттарды қайта ресімдеу талап етілмейді. Жылумен жабдықтау шарты және теңгерімдік тиесілік және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісі ғана қайта ресімделеді.

Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 14-тармағына сәйкес техникалық шарттардың әрекет ету мерзімі тұтынушылардың жылу желілерін және жылу тұтыну қондырғылары құрылысы мен жобалау нормативтік мерзімдерін ескере отырып, бірақ бір жылдан кем емес мерзімге белгіленеді.

Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес қарастыру мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.

Аталған жоба пайдаланушы ұйымда, атап айтқанда «Астана-Теплотранзит» АҚ-та келісілмейді.

Жылу желілерінің құрылысы сараптамадан өткен жұмыс жобасына сәйкес жүргізілуі тиіс, кез келген өзгерістер тапсырыс берушімен және бас жобалаушымен келісілуі тиіс. «Астана-Теплотранзит» АҚ-мен келісу талап етілмейді.

Төмендегі үлгіге мәліметтеріңізді және сұрағыңызды енгізіңіз. Ұйым қызметкерлері Сізбен ең қысқа мерзімде байланысуы үшін поштаңызды, ұялы телефоныңызды және тұрғылықты жеріңіздің нақты мекенжайын енгізуді ұмытпаңыз.