АО «Астана-Теплотранзит»

Тұтынушыларға арналған ақпарат

Құрметті сайтты пайдаланушылар!

Сіздермен «Астана-Теплотранзит» АҚ  ресми сайтында қауышқаныма қуаныштымын!
Мұнда сіз компанияның қалыптасу тарихымен және құрылымымен таныса аласыз, АО компаниялар тобының тікелей қызметі туралы көптеген қызықты мәліметтерді біле аласыз. Сондай-ақ сайтта жылу энергиясын беру мен таратудың қолданыстағы тарифтері және желілерге қосылу шарттары туралы ақпарат бар.
Блогтағы байланыс бізге азаматтардың сұрақтарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Бұл біздің компания қызметінің ашықтығына жасалған тағы бір қадам. Бұл диалог алаңы біздің бірлескен жұмысымызда пайдалы ресурс пен тиімді құрал болады деп сенемін.

Құрметпен,
«Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасы
Қайрат Баяндыұлы Бегімов

Құрметті елорда тұрғындары және қонақтары!

«Астана-Теплотранзит» АҚ Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 509-771 қаулысына сәйкес, 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V «Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасының» 42-тармағы негізінде 2023 жылғы 27 сәуірден бастап 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымының аяқталуы туралы хабарлайды.
Сондай-ақ жылыту маусымы аяқталғаннан кейін тұтынушыларға ысырмалармен (қажет болған жағдайда бітеуіштерді орнатумен) орталық жылыту жүйесін істен ажыратып, жазғы сызбанұсқа бойынша ыстық сумен жабдықтау жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету қажет екенін назарларыңызға жеткіземіз.

Кәсіпорынның 2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын тексеру жөніндегі комиссия құралуы

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Жас астананың құрылыс қарқыны жылу энергиясын тұтынудың тез өсуіне алып келді, бұл ескі желілерді қайта жаңартуға және жаңа желілерді салуға әкелді. «Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамы – бұл қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын, онда өндірісті заманауи техникамен, механизмдермен және жабдықтармен қайта жарақтандыру белсенді түрде жүргізіледі, техникалық және ұйымдастырушылық құрамды арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі, барлық мамандықтар бойынша инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен жұмысшыларды даярлау және аттестаттау жоспарлы түрде өткізіледі. Барлық кезеңдерде жұмыс сапасына назар аударылады.

Статистика

0
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша жылу және бу желілерінің жалпы ұзындығы, км трасса
0%
2022 жылы жылу ысыраптарының азаюы, %
0
Сорғы станцияларының саны
0
Астана қаласының жылу көздерінен жиынтық иелік жылу қуаты (Гкал/сағ)

Сұрақтарыңыз бар ма? Бізге хабарласыңыз!

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

city