«Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» - АО «Астана — Теплотранзит»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда осы жылдың 5 маусымында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін республикалық референдум өтетінін хабарлады. Осыған орай «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» идеясын іске асыру мақсатында қазақстандық саяси және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Олегович Казанцев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Динара Болатқызы Закиева, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Әнуарбекұлы Қизатов «Астана-Теплотранзит» АҚ жұмыскерлеріне «Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар жөнінде республикалық референдумға шығарылатын мәселелер туралы түсіндірме жұмыс жүргізді.