Тарифтік және Тарифтік смета - АО «Астана — Теплотранзит»

Хабарландыру

Хабарландыру

«Астана-Теплотранзит» АҚ жылу энергиясын беру және бөлу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтердің өзгергені туралы хабардар етеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін жылу энергиясын беру және бөлу тарифі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 1 653,74 теңгені құрайды.

Тарифтің өзгеру себептері: стратегиялық тауар құнының ұлғаюы, жылу энергиясын беру және тарату көлемінің өсуі, 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның ұлғаюы, статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскерге орташа айлық жалақының өзгеруі, жылу желілерін балансқа қабылдауға байланысты шығындардың өсуі.

Негіз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 124-НҚ бұйрығы.


«Астана-Теплотранзит» АҚ тұтынушыларды уақытша өтемдік тарифтерді жүргізуге байланысты жылу энергиясын беру және бөлу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тарифтің өзгергені туралы хабардар етеді:

2023 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін – ҚҚС-ты есептемегенде 1 466,81 теңге/Гкал;

2024 жылғы 1 қаңтардан 30 қыркүйекке дейін – ҚҚС-ты  есептемегенде 1 274,61 теңге/Гкал.

Қосымша: ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің 2023 жылғы 8 тамыздағы №59-НҚ бұйрығының көшірмесі.


Хабарландыру

«Астана-Теплотранзит» АҚ жылу энергиясын беру және бөлу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтердің өзгергені туралы хабардар етеді.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап жылу энергиясын беру және бөлу тарифі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 1 466,83 теңгені құрайды.

Тарифтің өзгеру себептері: стратегиялық тауар құнының ұлғаюы, жылу энергиясын беру және тарату көлемінің өсуі, 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны ұлғайту, экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскерге орташа айлық жалақыны өзгерту, статистика деректері бойынша қалыптасқан, жылу желілерінің баланысын қабылдауға байланысты шығындардың өсуі.

Негізі: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 44-НҚ бұйрығы.


2021-2025 жылдарға арналған тарифті бекіту туралы бұйрық