Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар - АО «Астана — Теплотранзит»

Көктемнің жарқын мерекесі – Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы. Наурыз мейрамында әркім жылы шырай сезіне бастап, сағынышты көрісумен жаңа жылды қарсы алады. Осыған орай біздің кәсіпорнымыз «Астана-Теплотранзит» АҚ-та мереке атап өтілді.

Іс жүргізу және персоналды басқару қызметі «Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні» тақырыбында қабырға газетін шығарды.

2022 жылғы 18 наурызда еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметінің ұйымдастыруымен қазақ ұлттық ойындары – тоғызқұмалақ, арқан тарту, гір көтеру (24 келі, 32 келі), қол күресінен жарыс өткізіліп, жеңімпаздар құрмет грамоталарымен марапатталды. «Қол күресі» жарысында жеңімпаз атанғаны үшін екінші ауданның реттеу қызметінің технигі Нұрғиса Тәшім, «24 келі гір көтеру» жарысында жеңімпаз атанғаны үшін жылу-механикалық жабдықтарды пайдалану қызметінің сорғы қондырғыларының машинисі Азамат Қалиев, «32 келі гір көтеру» жарысында жеңімпаз атанғаны үшін көлік қызметінің жүргізушісі Тілеген Ғабдуллин, «Тоғызқұмалақ» жарысында жеңімпаз атанғаны үшін жылу-механикалық жабдықтарды пайдалану қызметінің пайдалану жөніндегі мастері Абылайхан Сүлейменов және «Арқан тарту» жарысында жеңімпаз атанғандары үшін өлшеу-бақылау құралдары және автоматика қызметі, оның ішінде басқарудың автоматтандырылған жүйесі жөніндегі инженерлері Владимир Ситников, Евгений Колесников және басқарудың автоматтандырылған жүйесі жөніндегі жетекші инженері Ильяс Хуснутдинов марапатталды.

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінде ұлттық салт-дәстүрдің, ата дәстүрдің ұрпаққа мұра ретінде берілу мақсатында кәсіпорынымызда «Тұсаукесер» рәсімі өткізілді. Өндірістік-жөндеу қызметінің муфталы қосылыстардың монтажшысы Әділхан Балғожин және құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу қызметінің заңгері Дастан Кәкімжанов балаларының аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйлы, беделді азамат болсын деген ниетпен «Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бағдат Оразалдыұлына балаларының тұсауын кестірді.

Іс жүргізу және персоналды басқару қызметінің ұйымдастыруымен «Наурыз – той думан» мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік концертте кәсіпорын жұмыскерлері қазақ, түрік, қырғыз тілдерінде әуезді ән айтып, қазақ биін билеп, қасиетті домбырамен күй шертті.

Аталаған іс-шарада кәсіпорын жұмыскерлерінің балалары да өздерінің өнерлерін көрсетті. Кішкентай бүлдіршін Айлин Уразбай үнді биімен көрермендерді таң қалдырса, қасиетті сахнаны жандандырған Нұр-Сұлтан қаласының № 50 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Дана Ахмет пен № 73 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Мекежан Байсалды ән өнерімен тәнті етті.

Көп жылдар бойы кәсіпорын аумағында өтетін мерекелік іс-шараларда өнер көрсетіп жүрген сахна ардагерлері Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ән-шашумен көтеріңкі көңіл сыйлады. Осыған орай сахна ардагерлері Әнуарбек Ахмедияұлы Тасболатов, Амангелді Серікұлы Әлжанов, Ғалым Қапенұлы Үмітбаев өнерсүйер жұртшылыққа киелі домбыраны кеңінен насихаттағаны үшін «Үкілі домбыра» номинациясына ие болса, Назгүл Ақанқызы Әубәкірова «Күміс көмей әнші» номинациясында, Қарлығаш Серғазықызы Марқабаева, Дана Темірханқызы Елеш «Сазды әуен» номинациясында, ал Талғат Темербекұлы Әбішев «Әншілік өнер шебері» номинациясында алғыс хаттармен мараптатталды.

Сондай-ақ 22 наурыз күні «Астана-Теплотранзит» АҚ жұмыскерлері Нұр-Сұлтан қаласының «Жастар» алаңына киіз үй тігіп, наурыз көже, бауырсақ таратты.