Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына өткізілген іс-шаралар - АО «Астана — Теплотранзит»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Астана-Теплотранзит» АҚ мемлекеттік тілді енгізу бөлімі жыл сайын Іс-шаралар жоспарын бекітеді. Бекітілген Іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі жұмыстар өткізілді:

1) Мемлекеттік тілді енгізу бөлімі «30 жылдың 30 жетістігі» тақырыбында қабырға газетін шығарды.

 

2) Мереке қарсаңында кәсіпорын аумағы безендірілді.

 

3) Мемлекеттік тілді үйренушілерге «Тәуелсіздікке 30 жыл» тақырыбында бейнефильм көрсетілді.

 

4) Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Астана-Теплотранзит» АҚ бірқатар жұмыскерлері ерен еңбектері үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен,  жедел-диспетчерлік қызметтің бастығы Нұрқұсайын Бекмолдаұлы Әбитов ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» мемлекеттік орденімен жоғары бағаланғанын атап өткіміз келеді. Марапаттау рәсімі концерттік бағдарламамен жалғасты.