Жер-2021 - АО «Астана — Теплотранзит»

2021 жылғы 21-22 қыркүйек аралығында «Астана-Теплотранзит» АҚ «Алматы облысындағы жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.

«Жер-2021» оқу-жаттығуына белсенді қатысқаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық қорғау органдары «Астана-Теплотранзит» АҚ-тың келесі жұмыскерлерін алғыс хатпен марапаттады:

  1. Үсенов Ерлан Мұхамедғалиұлы – көлік қызметінің өндіріс механигі;
  2. Тасанов Саят Қажиақпарұлы – көлік қызметінің электр дәнекерлеушісі;
  3. Өзбеков Ақпар Әбілқасымұлы – көлік қызметі экскаваторының машинисі;
  4. Седунов Александр Петрович – көлік қызметі автоманипуляторының машинисі;
  5. Булгакова Елена Владимировна – режим және іске асыру қызметінің инженері;
  6. Жамалиева Гүлнар Құлшыманқызы – АҚ штабы бастығының көмекшісі.