2021 жылғы 21-22 қыркүйек аралығында «Астана-Теплотранзит» АҚ «Алматы облысындағы жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.
«Жер-2021» оқу-жаттығуына белсенді қатысқаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық қорғау органдары «Астана-Теплотранзит» АҚ-тың келесі жұмыскерлерін алғыс хатпен марапаттады:
- Үсенов Ерлан Мұхамедғалиұлы – көлік қызметінің өндіріс механигі;
- Тасанов Саят Қажиақпарұлы – көлік қызметінің электр дәнекерлеушісі;
- Өзбеков Ақпар Әбілқасымұлы – көлік қызметі экскаваторының машинисі;
- Седунов Александр Петрович – көлік қызметі автоманипуляторының машинисі;
- Булгакова Елена Владимировна – режим және іске асыру қызметінің инженері;
- Жамалиева Гүлнар Құлшыманқызы – АҚ штабы бастығының көмекшісі.