Гір тасын көтеруден үздіктер анықталды - АО «Астана — Теплотранзит»

Спартакиаданың үшінші күні. Энергетиктер мен коммуналдық қызметкерлер бүгін қолдарына кір тасын алды. Бүгін жеті мекемеден барлығы 13 адам қатысты, 80 келіге дейінгі салмақта – 6 адам, 80 келіден жоғары салмақта – 7 адам. «Не бел кетер, не белбеу кетер» деп білек сыбана кіріскен балуандар додасының нәтижесі бойынша келесідей үздіктер анықталды:

  1. “Астана Су Арнасы” МКК – 1 орын
  2. “Астана РЭК “АҚ – 2 орын
  3. “Астана – Энергия” АҚ – 3 орын
  4. “Астана Тазалық” ЖШС – 4 орын
  5. “Elоrda Eco System” МКК – 5 орын
  6. “Астана – Теплотранзит” АҚ – 6 орын
  7. “АстанаЭнергосбыт” ЖШС – 7 орын

 

(Бас төреші: Абдахин С.А.)

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Естеріңізге сала кетсек, Спартакиада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Энергетиктер күніне орайластырылып отыр. Спартакиаданың негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау.