Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Оқитын Қазақстан – оқитын ұлт» жобасы аясында «Фолиант» баспасы «Eurasian Book Fair–2022» Еуразиялық Халықаралық кітап көрме – жәрмеңкесін ұйымдастырады. Осы жылы аталған көрме-жәрмеңке 2022 жылғы 20-24 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Мәңгілік Ел даңғылы, 53/2 мекенжайындағы «ЕХРО» халықаралық көрме орталығының алаңында бесінші рет өткізілетін болады. Толық ақпарат https://www.eurasbook.com/route.html сайтында.
Көрменің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің мәдениет және әдебиет саласындағы және кітап баспасының түрлі салаларындағы даму жетістіктерін көрсету;
- халықаралық мәдени, іскерлік байланыстарды нығайту және рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығын дамыту;
- рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығының дамуын нығайту;
- оқырмандардың сұранысы негізінде өзара тиімді ақпарат алмасу және кітап өнімдерін шығару және тарату бойынша келешектегі мақсат-міндеттерді айқындау;
- әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың қазіргі заманғы кітап өнімдерінің алуан түрлерін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну;
- баспа, автор, кітапхана, кітап сатушы ұйымдар мен полиграфиялық компаниялардың ақпараттық, шығармашылық және іскерлік ынтымақтастығын нығайту және кеңейту.