«Астана-Теплотранзит» АҚ елорданы тиімді жылумен қамтамасыз ету үшін жылу желілерін жаңғырту нысандарына баспасөз турын өткізу туралы - АО «Астана — Теплотранзит»

Елордада жылу желілерін жаңғырту инвестициялық бағдарламасының аясында мәслихат депутаттары, тұрғындар және  БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өткізілді.

Баспасөз турында қатысушылар «Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен таныстырылды. Осы бағдарлама аясында қаланы үздіксіз және тиімді жылумен қамтамасыз ету мақсатында жылу желілерін жаңғырту және жаңарту жоспарлануда.

Бағдарламада бірнеше нысандарды қайта құру және жаңғырту қарастырылған. Соның ішінде:

  • «Тәшенов көшесі, 3 ЖК-дан бастап Тәшенов көшесі, 16 дейін қолданыстағы жылу желілерін (29(23)ҚТ) қайта жаңарту»;
  • «134-орам Бейбітшілік көшесі, 24.26.28, Бөгенбай батыр 50/1, Әуезов көшесі, 27,25 үйлер бойындағы 2ду57мм-219мм жылу трассасын қайта жаңарту»;
  • «Астана қаласы, 8(9) ҚТ-дан бастап Республика даңғылы, 25 дейін 25 2Ду 80-200мм  жылу трассасын қайта жаңарту»

Астана қаласын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуде «Астана-Теплотранзит» АҚ маңызды рөл атқарады. 2023 жылдың басында кәсіпорын жалпы ұзындығы 957,016 км желілерге қызмет көрсетеді, оның ішінде:

        Су жылу трассалары 948,695 км.
        Бу құбырлары 8,321 км.
        Есептік жүктеме (мах), Гкал/сағ 2822,4
        Орташа тозу, % 55,2

Компания жұмысының маңызды бөлігі тозуды азайту және тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында желілерді жаңғырту болып табылады. Ағымдағы жөндеу және желілерді оқшаулауды қалпына келтіру жұмыстарын 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымы басталғанға дейін 2023 жылдың қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

«Астана-Теплотранзит» АҚ жылумен жабдықтау саласында қауіпсіздік пен сапаның жоғары стандарттарын сақтай отырып, елорданы тұрақты және тиімді жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге ұмтылады.