5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ - АО «Астана — Теплотранзит»

5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай «Астана-Теплотранзит» АҚ-та іс жүргізу және персоналды басқару қызметі аудармашыларының ұйымдастыруымен «Тілге құрмет – елге құрмет» атты іс-шараның аясында қабырға газеті шығарылып, «Мақал – сөздің мәйегі» атты викториналық ойын өткізілді. Бұл сайыстың мақсаты – кәсіпорын қызметкерлерінің ата-бабамыздан қалған нақыл сөздерді білу деңгейін анықтау әрі ұрпақтан ұрпаққа жеткен осы асыл мұраны насихаттау. Аталған іс-шараға «Астана-Теплотранзит» АҚ жұмыскерлері белсене қатысты.