Жаңалықтар - АО «Астана — Теплотранзит»

Жаңалықтар

Жылу беру маусымы аяқталып, келесі жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті. Бейнежазбада жылу механикалық жабдықтарды пайдалану қызметінің бастығы Валерий Михайлович Сиряк. Сорғы станцияларындағы қазіргі уақытта жасалып жатқан жөндеу жұмыстарының барысына шолу.


2024-2025 ж.ж. жылыту маусымына дайындық бойынша қарқынды жұмыстар басталды.
Бейнежазбада Ташенов көшесі маңынан өтетін ЖМ-23 жылу магистралінде ағымдағы жөдеу жұмыстары жүргізілуде.


Бүгін өндірістік-жөндеу қызметінің жұмысы туралы айтамыз. Осы қызметтің негізгі міндеті: жабдықтың тұрақты жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету және оны жаңғырту; жөндеу үшін қажетті қосалқы бөлшектерді дайындау, жөндеу сапасын арттыру және оны орындауға жұмсалатын шығындарды азайту.

Бұл бейнежазбада – фасонды бұйымдарды дайындау процесі көрсетілген. Токарлық цех дайындамаларды дайындайды, содан кейін дәнекерлеу цехы фасонды бұйымдарды дәнекерлеу жұмыстарына кіріседі. Осыдан кейін «жартылай фабрикат» жылу оқшаулау учаскесіне өтеді.

Жылу оқшаулау учаскесінің мамандары полиэтиленді орап, содан кейін пенополиуретанмен толтырады. Фасонды бұйымдар МЕМСТ 30732-ге сәйкес аудандық учаскелерден өтінімдердің түсуіне қарай АҚ-ның жеке мұқтаждықтары үшін дайындалады. Қоғам құбырлар мен басқа да бірқатар материалдарды сатып алады, олардан ППУ-ПЭ бұрғыштар, өткелдер, шарлы крандар, түрлі үштіктер және т.б. дайындайды.

Жалпы, өткен жылыту маусымында цехта шамамен 350-450 ППУ бұйымдары дайындалды. Олар: үштікті тармақтар, үштіктер, параллельді үштіктер, бұрғыштар, шарлы крандар, өтпелер, су мен ауаны түсіруге арналған шарлы крандары бар үштіктер, Z бейнелі элементтер және т.б.


Алдағы жылыту маусымына дайындық туралы.

Біз Сарыарқа ауданындағы ТК бірінде болып, жергілікті МИБ жұмысымен таныстық. Қазір – жылыту маусымына дайындықты бастауға ең қолайлы уақыт. Жаз мезгілінде МИБ /ПИК немесе басқарушы компаниялар жылу тораптарында дайындық жұмыстарына кіріседі: істен шыққан жабдықтарды жөндеуді және ауыстыруды жүргізеді; жылу алмастырғыштар мен сүзгілерді механикалық тазалау әдісімен жуады; қажет болған жағдайда құбырлар мен жабдықтарды бояйды. Барлық монтаждау жұмыстарынан кейін құбырлардың беріктігін, тығыздығын және герметикалығын тексеру үшін гидравликалық сынақтар жүргізіледі.


Жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?
ПИК, МИБ қызметі бар көппәтерлі үйлерді жылыту маусымына қалай дайындау керек? Бұл жөнінде толығырақ бейне жазбада.


Жылыту маусымына дайындық: Қандай жұмыстар жүргізілуде?
2024 жылғы инвестициялық бағдарлама шеңберінде ТМ3 нысаны бойынша жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде (Московская көшесі 31/1 -27/1). Аталған жобаны іске асыру мақсатында жылу желілерін ППУ-құбырларға ауыстыру көзделген.


«Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамының қызметкерлері жер сілкінісі кезіндегі авариялық-құтқару қызметінің бірлескен іс-қимылдарын машықтандыру және үйлестіру мақсатында «Жер-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.

Оқу-жаттығудың мақсаты – «Алматы облысындағы жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау».


Жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бейне жазбада Жылу желілерін пайдалану қызметінің Республика даңғылы бойында жасап жатқан жөндеу жұмыстарының барысы көрсетілген.


Арнайы оқу-жаттығулар аясында “Астана – Теплотранзит” АҚ Азаматтық қорғау штабы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп «Астана – «Теплотранзит» АҚ ғимаратында «6-7 баллдық кенеттен болатын жойқын жер сілкінісі кезіндегі персоналдың іс-әрекеті» тақырыбында сейсмикалық оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді.


Астана қаласының әкімшілік аумағында құрылыс салумен, қайта жаңартумен және жөндеумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға арналған ақпарат

«Астана-Теплотранзит» АҚ Сіздердің назарларыңызды аударады және жылу желiлерiнің күзету аймақтарында өндірістік қызметті жүзеге асыратын шаруашылық субъектілерінің барлық басшыларын және 2015 жылғы 20 наурыздағы № 231 «Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларының» 68-тармағының нормаларына сәйкес әрекет етуін сұрайды:

«Жылу желілерінің күзету аймақтары шектерінде иелігінде осы желілер бар ұйымдардың жазбаша келісімінсіз:

1) кез-келген объектілерді және құрылыстарды салу, монтаждау және жердегі жұмыстарын жүргізуге;

2) тиеу-жүктеу жұмыстарын жүзеге асыруға, әр түрлі алаңдарды салуға, автокөлік тұрақтарын орнатуға, әр түрлі материалдарды жинауға;

3) қоршауларды және дуалдарды салуға;

4) ұңғыма және шуфр құрылғыларымен байланысты іздеу және басқа жұмыстарды жүргізуге;

5) жолдың немесе жердің үстінен жалпы биіктігі 4,5 м артық жүкпен немесе жүксіз машиналардың және тетіктердің жүрісін жасауға (эстакадағы автокөліктің астында төселген жерасты құбырларының астында) тыйым салынады.

Жылу желілерінің күзету аймақтарында жер жұмыстарын жүргізуге қатысты барлық мәселелер бойынша І.Жансүгірұлы көшесі, 7 мекенжайына, info@a-tranzit.kz электрондық мекенжайына немесе мына телефондар арқылы хабарласу қажет:

жұмыс күндері:

Өндірістік қызмет – тел.77-12-13;

Қабылдау бөлімі – тел.77-12-02; факс – 54-75-98,

Техникалық кеңсе бөлімі – тел.77-12-24;

демалыс және мереке күндері:

жедел-диспетчерлік қызмет – тел.77-12-00, 77-12-11.


Биылдан бастап Астанада жылу тарифі өзгерді.

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап «Астана-Теплотранзит» АҚ табиғи монополиялар субъектісінің жаңа тарифтік саясаты іске қосылды, онда бекітілген 2016-2020 жж. арналған ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істеу қарастырылған.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылу энергиясын тасымалдау тарифі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 1070 теңге мөлшерінде бекітілді, өсім 7% құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, 2015 жылы нақты инфляция 13,6% болған.

Жылу энергиясын тасымалдау қызметінің қымбаттауына инвестициялық салымдардың артуы, жылу желілерін ұстау мен пайдалану үшін қажетті энергоресурстар, шикізат пен материалдар бағасының көтерілуі себеп болды.

Айта кетейік, «Астана-Теплотранзит» АҚ 571 км жылу трассасы мен 10 сорғы станциясына қызмет көрсетеді. Жылу желілері қалпына келтіріліп, арнайы техника жаңартылады, бұл көлік құралдарын жалдауға жұмсалатын ақыны азайтуға, ескі құралдарды ауыстырып, заманауи құрылғылар мен жүйелер сатып алуға мүмкіндік береді.

Жылу желілерінің үздіксіз сенімді жұмысын қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, Астанада тарифтердің ең төмен орташа көрсеткіштерінің бірі тіркелген, бұл ретте елорда 14-ші орында.