Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары! - АО «Астана — Теплотранзит»

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жылу энергиясы үшін есептеу есепке алу құралдарының көрсеткіштері бойынша, ал олар болмаған кезде қалалық нормативтердің негізге алынуымен жүргізіледі.

Үйге ортақ есепке алу құралдарымен жабдықталған көп пәтерлі үйлер үшін жылыту төлемі мөлшерінің ұлғаюына немесе төмендеуіне әсер ететін негізгі фактор ауа райы-климаттық жағдайлар болып табылады. Сәйкесінше, сыртқы ауа температурасы неғұрлым төмен болса, үйді жылытуға соғұрлым көп жылу жұмсалады, сәйкесінше, суық мезгілде жылыту үшін төлемақы артады.

2020 жылдың қараша айында сыртқы ауаның орташа температурасы -6,20С, ал 2020 жылдың желтоқсан айында Торт -15,78 0С құрағанына назар аудару қажет.

Одан басқа, сыртқы ауа температурасы жоғарылаған сайын үйдің жылу тұтынуы орынды түрде төмендейді, бұл қызмет құнына тікелей әсер етеді.

Сыртқы ауа температурасының өзгеруіне қарай жылу тұтыну кестесін қарастыруды ұсынамыз:

Параметрлер

2020 жылғы қараша

2020 жылғы желтоқсан

Сыртқы ауаның орташа айлық температурасы, °C

-6,2

-15,78

ЕҚ-сыз 1 гкал үшін тариф, тг

2925,56

2925,56

Рысқұлбеков көшесі, 11/3 үй

ЕҚ бойынша 1 гкал үшін тариф, тг

2432

2432

Есепке алу құралының нақты көрсеткіштері, Гкал

215,7

296,09

Кестеден сыртқы ауа температурасы жылу энергиясының шығысына әсер ететінін көруге болады. Басқаша айтқанда, сыртқы ауа температурасы төмендеген кезде, жылу шығысы артады.

Есепке алу құралының көрсеткіштері болмаған жағдайда, «Астанаэнергосбыт» ЖШС тұрғын үйлердің тұтынушылары үшін жылу энергиясы шығысының нормаларына сәйкес, сондай-ақ құрал орнатылған үйлер үшін жылу энергиясын тұтыну есебі уақытша бұзылған жағдайда, бір айдан астам мерзімге жылу тұтыну үшін есептеуді жүргізеді.

Аталған тәртіп Астана қаласы әкімдігінің Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қаңтарда № 995 нөмірімен тіркелген «Астана қаласының Астана қаласы бойынша электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №367-2307 қаулысына негізделген.

Айлар бойынша бөліністе жылытуға жылу энергиясы шығысының нормалары ҚР КНжЕ 2.04-01-2010, ҚР ҚН 2.04-21-2004* және ХҚН 4.02-02-2004 «Жылу желілері» әдістемесі деректері бойынша сыртқы ауа температурасына түзетумен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларынна сәйкес есептелді.

Шығыс нормалары «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының деректері бойынша сыртқы ауаның нақты температурасына қарай ай сайын түзетіледі.

2020 жылғы желтоқсанға жылу энергиясын беру және тарату реттеліп көрсетілетін қызметіне арналған тариф ҚҚС-сыз 1 213,90 теңге/Гкал құрайды.

«Астана-Теплотранзит» АҚ Нұр-Сұлтан қаласының жылу энергиясын тұтынушыларын жылу энергиясын беру және тарату реттеліп көрсетілетін қызметіне арналған тариф Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің 2020 жылғы 30 қазандағы №57-НҚ бұйрығымен ҚҚС-сыз 1 171,25 теңге/Гкал мөлшерінде бекітілгенін хабарлайды, бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін қолданысқа енгізумен 2020 жылғы 25 тамыздағы № 05-13/882/657 хатпен бекіткен тарифтен 3,5 пайызға төмен.