Қазақ поэзиясының жаңа буын өкілі, жыр мүшәйраларының жүлдегері, «Астана-Теплотранзит» АҚ екінші ауданның реттеу қызметінің инженері Байыс Айдынның тағылымы мол, жыр сүйер қауымды қуантқан «Құланиек» атты жыр жинағының тұсауы кесілді. Бұл кітаптың шығуына, тұсаукесер кешінің өтуіне мұрындық болып, қолдау көрсеткен – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» КММ.
Жыр жинаққа жас ақынның махаббат, табиғат, өмір жайлы толғаныс-тебіреністерге, сыршыл сезім мен сағынышқа толы өлеңдері, балладалары, аудармалары енген.
«Астана-Теплотранзит» АҚ ұжымы Байыс Айдынға шығармашылық табыс тілейді. Кітабыңыз өз оқырмандарын таба берсін, оқырмандарыңыз көбейе берсін. Алдағы уақытта да сезімге толы сырлы, тәлімге толы құнды жырларыңызбен халқыңызды қуанта беріңіз!