Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласы Энергетика басқармасының және оның “Астана-Теплотранзит”АҚ ведомстволық бағынысты ұйымының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.
Талдау шеңберінде осы саладағы әкімшілік кедергілерді және олармен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерделеу жоспарлануда.
Талдауды Департамент қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді.
Сондай-ақ, Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдау жүргізуге қатысуға шақырады.
Егер сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе “Астана-Теплотранзит” АҚ қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз dagspk@mail.ru