Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара - АО «Астана — Теплотранзит»

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Астана-Теплотранзит» АҚ мемлекеттік тілді енгізу бөлімі жыл сайынғы бекітілген Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылғы 9-13 желтоқсан аралығында мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

1) Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жастарға ерекше назар аударатын, себебі еліміздің болашағы – жастар. Ол әрқашан жастарды қолдап,  жастар саясатын дамытты. 2019 жыл елімізде Жастар жылы деп аталған болатын. Осыған орай мемлекеттік тілді енгізу бөлімі Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елдің болашағы – жастар!» тақырыбында қабырға газетін шығарды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара Мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын 2020 жылы республикалық деңгейде тойлау туралы Жарлық шығарды. Осыған орай Абайдың өлеңдерін насихаттау мақсатында халықаралық деңгейде «Абай өлеңдерін жатқа оқу» эстафетасы өткізіліп, біздің кәсіпорында да жалғастырылды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шарада эстафетаға белсенді қатысқан  кәсіпорын жұмыскерлері Алғыс хаттармен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара кәсіпорын жұмыскерлері күшімен дайындалған мерекелік концертпен өз жалғасын тапты