Қыс-2024

“Астана - Теплотранзит” АҚ қызметкерлері Астана қаласының ТЖД ұйымдастыруымен өткен «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты. Оқу-жаттығу аясында ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілді. АҚ қызметкерлері “Қыс-2024” оқу-жаттығу барысында апатты-құтқару жұмыстарын нақты жағдайда өткізді. Қақаған аязда орын алған жылу магистралінің бойындағы ақауды тез арада залалсыздандырып, қажетті жұмыстарды жүргізді. Тапсырманы мінсіз орындап - қызметкерлердің өзара үйлесімді жұмысын көрсетті. [video width="720" height="1280" mp4="https://a-tranzit.kz/wp-content/uploads/2024/11/2024-.mp4"][/video]