Негізгі парақ

2004 жылы 4 қарашада  тіркелген  «Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамы 1965 жылғы 1 наурызда құрылған Целиноград қаласының Жылу желілерінің басқармасы негізінде құрылды. «Астана-Теплотранзит» АҚ-тың құрылу және даму тарихы біздің Астана қаламыздың - Қазақстан Республикасы астанасының тарихымен тығыз байланысты. Астана қаласы өз атауын 1998 жылы алды, 1961 жылдан бастап 1992 жылға дейін Целиноград деп аталды. Астана – ірі іскерлік, дипломатиялық, сауда және мәдени орталығы бар әлемдегі ең жас қала. «Астана-Теплотранзит» АҚ астанадағы аса маңызды кәсіпорындардың бірі болып табылады. 

«Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамы – бұл динамикалық дамушы, жоғарғы білікті мамандары және қажетті материалдық базасы бар кәсіпорын, оның негізгі қызмет түрі жылу энергиясын беру және тарату болып табылады. «Астана-Теплотранзит» АҚ-тың негізгі міндеті - Астананың барлық тұтынушыларын жылу энергиясымен тоқтаусыз және сапалы қамтамасыз ету.

Трасса бойынша қызмет көрсетілетін жылу желілерінің жалпы ұзындығы 2017 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 696,66 км құрайды, оның ішінде:

  • су жылу трассасының ұзындығы 687,88 км құрайды;
  • бу трассасының ұзындығы 8,78 км құрайды.

Жылу желілерінің гидравликалық режимін қамтамасыз ету үшін:

  • №№ 1, 2, 3, 5, 6, 7, 9 сорғы станциялары – тура және кері ағынды құбырларда,
  • №№ 8, 10, 11 сорғы станциялары – кері ағынды құбырларда орнатылған.

6671 есепке алу аспабы орнатылды, оның ішінде қаланың аудандары бойынша:  

  • Есіл ауданы − 1246;
  • Сарыарқа ауданы – 2208;
  • Алматы ауданы – 3217.

Бос және қолжетімді қуаттың болуы туралы мәліметтер: 2017 жылғы 01 шілдеде Астана қаласы бойынша 140,7 Гкал/сағ мөлшерінде жылу қуатының тапшылығы бар.

«Астана-Теплотранзит» АҚ 1 Гкал үшін  ҚҚС-сыз 1000 теңге мөлшерінде жылу энергиясын беру және тарату тарифі 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылғаны туралы Астана қаласының тұтынушыларын хабардар етеді.

«Астана-Теплотранзит» АҚ 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2016-2020 жылдарға арналған жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметтер тарифтерінің шекті деңгейі ҚР ҰЭМ Астана қаласы бойынша ТМРжБҚКД-нің 2015 жылғы 20 қарашадағы №179-НҚ бұйрығымен бекітілгені туралы Астана қаласының тұтынушыларын хабардар етеді:

  • 2016 ж. – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 1 070 теңге;
  • 2017 ж. – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 1 134 теңге; 
  • 2018 ж. – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 1 202 теңге;
  • 2019 ж. – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 1 262 теңге;
  • 2020 ж. – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 1 325 теңге.

                                                  

Басқарма төрағасының блогы

Сайт бойынша іздеу






© «Астана-Теплотранзит» АҚ