Жаңалықтар - АО «Астана — Теплотранзит»

Жаңалықтар

Астанада жылыту маусымы аяқталды

Астанада ауа райының жылынуына байланысты жылыту маусымы аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, сыртқы ауа температурасы бес күн қатарынан тәулігіне орташа +10°C және одан жоғары деңгейде тұрақты сақталған жағдайда, жылыту маусымын аяқтау туралы шешімді қала әкімдігі қабылдайды.
Ауа райының қолайлы жағдайына байланысты және қолданыстағы нормативтерге сәйкес, Астана қаласы әкімдігі 2025 жылғы 21 сәуірде жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдады.
2024-2025 жылғы жылыту маусымы Астана қаласында 2024 жылғы 24 қыркүйекте басталып, 209 күнге созылды.


“Астана – Теплотранзит” АҚ қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары өтті.

2025 жылғы 21 сәуірде “Qamqor-Astana” ҚҚ мамандары радикалды және экстремистік діни ағымдар туралы ақпарат беріп, дін саласындағы заңнаманы сақтау бойынша “Астана – Теплотранзит” АҚ қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру мақсатында кездесу өткізді.


«Астана-Теплотранзит» АҚ қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілікке белсене қатысты. Қала бойынша бірнеше учаскеде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Байқоңыр ауданы
▪ Учаске: Бейсекбаев көшесі, 1-ден 9-ға дейін
▪ Қатысушылар саны: 16 адам
▪ Жұмылдырылған техника: 2 бірлік

Сарыарқа ауданы
1️⃣ Учаске: Желтоқсан көшесі, 23–27, кв.122, Абай көшесі 5/1
▪ Қатысушылар саны: 7 адам
▪ Жұмылдырылған техника: 2 бірлік

2️⃣ Учаске: Республика даңғылы, 52/2
▪ Қатысушылар саны: 14 адам
▪ Жұмылдырылған техника: 2 бірлік

Сенбілікке қатысқан барлық қызметкерлер қоршаған ортаға деген қамқорлықтың үлгісін көрсетті.

 


«Астана-Теплотранзит» АҚ ғимаратында Астана қаласы ПД киберполицейлері акционерлік қоғам жұмыскерлерімен кездесіп, ақпараттық технологиялар саласындағы интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Киберполицейлер интернеттегі алаяқтықтың ең көп таралған түрлері туралы айтып, жеке деректерді қорғау бойынша маңызды кеңестер берді. Мессенджерлерде (WhatsApp, Instagram т.б. ), онлайн сатып алуларда және онлайн тапсырыс арқылы берілген тауарды алу кезінде сақ болу керек екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, кибергигиена туралы айтылып, құрылғылар мен деректерді қорғау жолдары түсіндірілді. Балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Родительский контроль» қосымшасын пайдалану ұсынылды. ‍‍‍

Киберполицейлерге маңызды ақпарат пен пайдалы кеңестер үшін алғыс айтамыз! Интернетте өзіңіз бен жеке деректеріңізді қорғауды ұмытпаңыздар.


Болашақ мамандық: Астана қаласы Алматы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары «Астана-Теплотранзит» АҚ-да экскурсияда болды.

“Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында Астана қаласындағы №37 мектептің 9-сынып оқушылары «Астана-Теплотранзит» АҚ-на экскурсия жасап қайтты.

Бұл экскурсия балалар үшін үлкен жаңалық болды: олар өндірістік процесті көзбен көріп, ППУ бұрылыстары мен бұйымдарының қалай жасалатынын, құбырлардың қалай оқшауланатынын, шарлы крандардың қалай жөнделетінін өз көздерімен көрді.

Экскурсия барысында қатысушыларға 60 жылдан астам тарихы бар кәсіпорын туралы айтылып, диспетчерлік қызмет, сорғы станциясы, өндірістік цехтар мен қоғамымыздың мұражайы көрсетілді.

Оқушылар елордаға жылудың қалай берілетінін, әр үйге дейін қалай жеткізілетінін толық түсініп қайтты. Мұндай шаралар балалардың көзқарасын кеңейтіп қана қоймай, болашақта қажетті мамандықты таңдауға шабыт беретіні сөзсіз.

 


Қазақстанның энергетика саласы жылыту маусымының нәтижелі аяқталғанын және алдағы ауқымды жаңғырту жұмыстары жайында хабарлады

«Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат көздерінің әлеуетін толық пайдалануымыз керек», – Қ.К. Тоқаев, IV Ұлттық құрылтай, 14 наурыз 2025 жыл, Бурабай.

2024–2025 жылғы жылумен жабдықтау бойынша күзгі-қысқы маусым күрделі ақауларсыз өтті, бұл Қазақстан Үкіметінің қабылдаған шараларының нәтижелі болғанын көрсетеді.

Маусымға дайындық 10 энергетикалық блоктың, 55 қазандықтың және 45 турбинаның күрделі жөндеуін қамтып, ЖЭО және жылу желілеріндегі жоғары тозуды азайту процесін бастауға мүмкіндік берді. Электр станцияларындағы технологиялық бұзушылықтар саны 27%-ға (1 070-тен 782 жағдайға) азайса, ал температуралық графиктің сақтамау жағдайлары 3,3 есеге (215-тен 65 жағдайға) қысқарды.

Маңызды жетістік ретінде 12 ЖЭО жағдайының жақсаруын атап өтуге болады: 9-ы “қызыл” аймақтан “сары” аймаққа, ал 3-і “сары” аймақтан “жасыл” аймаққа өтті. Нәтижесінде “қызыл” аймақта 10 ЖЭО қалды (бұрын 19), “сары” аймаққа 17 ЖЭО (бұрын 11), “жасыл” аймаққа 10 ЖЭО (бұрын 7) өтті. Көрсеткіштерін жақсартқандардың қатарында Екібастұз, Өскемен, Жезқазған, Балқаш, Атырау, Риддер, Кентау және басқа станциялар бар. Айрықша назар «МАЭК» ЖШС, Ақтау жылу желілеріне және Степногорск, Теміртау ЖЭО-на аударылды.

2024 жылы Екібастұз 1- МАЭС қалпына келтірген блогын (500 МВт), Атырау ЖЭО жаңа турбинасын (65 МВт) және Жезқазғандағы (+43 МВт) жаңартылған қазандықты қоса алғанда, 771 МВт жаңа қуат енгізілді. Сондай-ақ, жалпы қуаты 163,35 Мвт болатын жаңартылатын энергия көздері бойынша жобалар іске қосылды.

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады, электр қуаты нарығындағы шекті тарифті арттырды және қайтарылатын инвестициялардың жылдық лимитін ұлғайтты. 2024 жылы қабылданған шаралар жөндеу жұмыстарына қаржыландыруды өткен жылмен салыстырғанда 44%-ға арттырып, 327 миллиард теңгеге жетуге мүмкіндік берді.

Алдағы жылыту маусымына дайындық басталып кетті: 10 энергетикалық блок, 63 қазандық және 39 турбинаның жөндеу жұмыстары жоспарланған, оның бір бөлігі қазіргі уақытта жүргізілуде. Өңірлердегі 66 жылу орталығында 53 қазандықтың жөндеуі мен реконструкциясы жоспарланған.

Суық ауа райы аяқталғаннан кейін 17 мың шақырым электр желісі мен 323 шақырым жылу магистралін жаңарту басталады.

Ұлттық энергетикалық модернизация жобасы аясында 77,5 мың км электр желілері мен 1,6 мың км жылу желілері жаңартылатын болады, жалпы бюджеті 4 трлн теңге. 2029 жылға дейін бұл электр желілерінің тозуын 45%-ға, жылу желілерінің тозуын 42%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Генерация саласында 7,3 ГВт жаңа қуат енгізу жоспарлануда, соның ішінде қолданыстағы станцияларды жаңарту және жаңа станциялар салу да бар. 2029 жылға дейін 29 жобаны аяқтап, электр станцияларының орташа тозуын 40%-ға дейін азайту жоспарланған.

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту басымдық болып қала береді: 2024 жылы 153 нысан7,58 млрд кВт·сағ (жалпы өндірістің 6,43%-ы) өндірді. 8 жаңа станция (163,35 МВт) іске қосылды, ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 9 ЖЭК жобасы іске қосылады (455,5 МВт). 2025 жылдың ақпан айында Қарағанды облысында қуаттылығы 50 МВт жел электр станциясы іске қосылды.

2025 жылы ЖЭК жобалары бойынша аукциондарға 1 810 МВт қуат ұсынылды, оның ішінде: жел электр станциясы – 1 200 МВт, күн электр станциясы – 90 МВт, гидроэлектр станциясы – 500 МВт, биоэлектр станциясы – 20 МВт.

Осылайша, Қазақстанның энергетика саласы сенімді жылумен жабдықтауды, ауқымды жаңғыртуды және «жасыл» энергетиканың өсуін үйлестіре отырып, тұрақты дамуға қол жеткізуде.


Жылыту маусымының нәтижелі аяқталғанын және алдағы ауқымды жаңғырту жұмыстары жайында ақпарат

 


Наурыз — бұл тек мереке ғана емес, ол табиғаттың жаңаруы, жаңғыру және үйлесім символы. Биыл қоғам ұжымы осы маңызды күнді, жылдағы дәстүрмен, үлкен қуанышпен атап өтті. Бұл мереке жұмыскерлерді біріктіріп, жаңа жетістіктерге жетуде ерекше рөл атқарды.

Наурыз мерекесі қарсаңында «Астана-Теплотранзит» АҚ қызметкерлері көптеген іс-шаралар өткізіп, ұжым арасында бірлік пен жылулық сезімін арттырды.
Дәстүрлі тағамдарды, әсіресе сүйікті Наурыз көжеден дәм татып, көңілді ойындар мен конкурстарға қатысып, бір-бірін осы жарқын мерекемен құттықтады.

Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Бұл жыл әрқайсымыз үшін қуаныш, табыс және жаңа жетістіктерге толы болсын!


Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында, қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау, ұлттық тәрбиенің маңыздылығын дәріптеу мақсатында «Астана-Теплотранзит» АҚ қызметкерлері арасында «Қазақтың келіндері-ай!» атты сайыс өтті. Осы сайыста әр бөлімшенің бір қызметкері өз өнері мен шеберліктерін ортаға салды.
Қатысушылар:
– Киреева Дана – перспективалық даму қызметінің инженері;
– Сейтжанова Индира – өндірістік-техникалық қызметтің инженері; -Тоқтарбаева Гүлназ – құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу қызметінің жетекші заңгері;
– Қалиева Шынар – персоналды басқару қызметінің кадрлар жөніндегі маманы;
– Ұлт Қазына – персоналды басқару қызметінің кадрлар жөніндегі маманы.

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды, әр кезеңде қатысушылар өздерінің жан-жақтылығын көрсетті:
1. Танысу бөлімі
2. Сұрақ-жауап
3. Эстрадалық халық әнінің атын табу
4. Ою ойып, кестелеп тігу
5. Қамыр жайу

Танысу бөлімінде «Тегін білу – тектілік» тақырыбында қатысушылар өздері туралы, отбасы, ата-аналары мен құндылықтары жайлы бейне жазба әзірлеп, ән айтып өздерін таныстырды. «Сыр сандық» бөлімінде олар қазақ халқының дәстүрлері туралы сұрақтарға жауап берді. Ал келесі «Білгенге маржан» бөлімінде қатысушылар халық әндерін тыңдап, оның атын тауып, орындады. «Ана көрген тон пішер» бөлімінде келіндер оюдың суретін салып, ойып, кейін оны әдемі етіп тігіп шықты.

Сайыстың соңғы бөлімі «Дәм-думан» кезеңінде қазылар алқасы қатысушылардың қамырды жұқа және біркелкі етіп жайғанын мұқият бақылап отырды. Іс жүргізу қызметінің бастамасымен өткізілген бұл іс – шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімінің инженері Айдар Жағданов пен 3-ауданның жылу желілерін пайдалану қызметінің 1-учаскесінің жылу желілеріне қызмет көрсету жөніндегі слесарі Қуаныш Мәулен көрермендерге ән айтып, кештің сәнін арттырды.

Қазылар алқасының құрамында: әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы Елена Александровна Паныш, экономикалық жоспарлау бөлімінің экономисі Қарлығаш Серғазықызы Марқабаева және күрделі құрылыс қызметінің сметалық – шарттық секторының басшысы Роза Құдайбергенқызы Нұрмағанбетова болды.
Олар қатысушылардың дайындығын, тапқырлығын әділ бағалап, үздіктерді анықтады. Сайыс қорытындылары 20 наурызда жарияланып, жеңімпаздар Наурыз мейрамында марапатталатын болады.

Бұл шара тек жәй ғана жарыс емес, қазақтың отбасылық құндылықтарын, қалыңдық тәрбиесінің маңыздылығын атап өткен маңызды мереке болды.
Әрқашан жақсы дәстүрлер жалғасын тапсын!
Ұйыдастырушылар мен әр қатысушыға
алғыс айтамыз!


✅«Таза бейсенбі» экоакциясы аясында «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Астана – Теплотранзит» АҚ ғимаратында тазалық жұмыстары жүргізілді.


⚜️Бүгін «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы атқарушы хатшысы Болысбек Мұхаммед Әбдіәшімұлы және «Алматы» аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтайлақова Гульмира Нұрланқызы «Астана-Жылутранзит» АҚ 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.


Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада құрметті энергетиктер марапатталды


Біздің міндетіміз: әрбір үйге жылулық пен жайлылық орнату.


⚜️ Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады.

▫️Осыған орай, жұмысшы мамандардың қоғамдағы маңызы мен олардың еңбегін насихаттау міндеті алдыңғы қатарға шықты. Қазақстанның еңбек нарығында өз ісінің нағыз мамандары саналатын отбасылар аз емес. Солардың бірі – Астана қаласында тұратын Жұмәділов әулеті.

▫️Жұмәділовтер отбасы – бірнеше ұрпақ бойы слесарь мамандығын серік етіп, еңбек жолында биік белестерді бағындырған еңбекқор жандар.

▫️Жұмәділовтер әулетінің тірегі – Базарбай Оспанұлы. Ол 2001 жылдан бері «Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамында жұмыс істеп, 23 жылдан астам уақыт бойы жылу желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді. Қазіргі таңда оның ұлдары да әке жолын қуып, осы салада еңбек етуде.

▫️Бекболат, Бейсембек және Болатбек Жұмәділовтер «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның түрлі учаскелерінде жұмыс істеп, жылу желілеріне техникалық қызмет көрсетеді.

▫️Әулеттің жалпы еңбек өтілі бүгінде 70 жылды құрайды.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Болатұлы Тұрлыханов «Астана-Теплотранзит» АҚ қызметкерлерімен кездесіп, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайымен, кәсіпорынның материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.

Кездесу барысында ол Мемлекет басшысы қабылдаған маңызды заңдар мен олардың ел өміріндегі рөлі туралы атап өтті. Оның ішінде: бала тәрбиесі, есірткімен күрес, есірткі тасымалдау әрекеті үшін белгіленген жаза, лудоманиямен күрес, қарызға белшеден батқан адамдардың құмар ойын ойнауына тыйым салынуы, сондай-ақ энергетикалық сусындардың зияны туралы.

Дәулет Болатұлы қоғам қызметкерлерінің еңбегі үшін алғысын білдірді. Жұмысшылар қызметтеріне және жалақыларына қатысты еш шағым жоқ екендігін мәлімдеді.


Жұмысшы мамандықтарының жылы:
“Астана – Теплотранзит” АҚ жұмыскерлері – нағыз еңбек адамдары.


Салем. 19 желтоқсанда Астана қаласында Энергетиктер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Қаламызды жылумен және жарықпен қамтамасыз ететін сала мамандары дәстүр бойынша кәсіби мерекені атап өтті.

Салтанатты іс-шарада саланың үздік қызметкерлері марапатталды.

«Астана – Теплотранзит» АҚ жедел-диспетчерлік қызметтің жедел шығу бригадасының слесарі Мұхамеджанов Мейрам Серікұлы «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

«Астана – Теплотранзит» АҚ екінші ауданның жылу желілерін пайдалану қызметі # 3 учаскесінің қол электр дәнекерлеушісі – Оразбай Мұханұлы Жұмбаев Астана қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Құттықтаймыз


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен кәсіби мереке Энергетиктер күніне орай ұйымдастырылған жыл сайынғы спартакиада ойындары аяқталып, кеше ресми түрде жабылу салтанаты өтті. Қарашаның төртінен желтоқсанның 12 аралығында қаламыздың коммуналдық мекеме қызметкерлері бірнеше спорт түрінен бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы есепте “Астана – Теплотранзит” АҚ үшінші орынға ие болды. Дәлірек айтар болсақ:
1 Валейбол
3 Теннис
1 Гирь
1 Армрестлинг
2 Тоғызқұмалақ
3 Шахмат

Спортшыларымызды жеңіспен құттықтаймыз және белсенділік танытып, қоғам намасы үшін жарысқа білек сыбана қатысқан қызметкерлерімізге, жанкүйерлерімізге алғыс білдіреміз.


Белгілі редактор, қазақ тілінің жанашыры, филолог, лингвист Назгүл Қожабек “Астана -Теплотранзит” АҚ жұмыскерлерімен кездесіп, олардың кәсіби қызметін жетілдіру және іс -қағаз жүргізуде тәжірибелік дағдыларын дамыту мақсатында дәріс оқыды.

Семинар аясында спикер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасып, көпжылдық тәжірбиелерімен және пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.


Қазанның 19-20 күндері Қазақстан Республикасының Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай
Астана қаласының әкімдігінің басқармаларына қарасты мекемелер қызметшілері арасында волейболдан турнир өткізілді. Турнирге “Астана-Теплотранзит” АҚ қызмерлерінің арасынан құрама командасымен – энергетикалық қызметтің аға инженері Бағдатов Сағдат Мейрамбекұлы; энергетикалық қызметтің электр монтёрлеоі: -Максим Медет Асқарұлы, Төлеуғалиев Думан Қанатұлы және Қуанышбек Нұрсұлтан Төлеуғалиұлы қатысып, жалпы командалық есеппен 2-ші жүлделі орынға ие болды.
Құттықтаймыз!


“Астана – Теплотранзит” АҚ персоналды басқару қызметінің жұмысы туралы


Астанада жылыту маусымының басталуы туралы


**АО «Астана – Теплотранзит»** Департаменттың Нарықты реттеу комитетінің табиғи монополиялар жөніндегі министрлігімен бірлесе отырып, 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның орындалуы бойынша Астана қаласында пресс-тур өткізді.

Пресс-тур 2023 және 2024 жылдың бірінші жартысында жаңартуды қажет ететін объектілерде ұйымдастырылды. Осы объектілерде жүргізілетін шаралар қала тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Пресс-тур барысында АО «Астана-Теплотранзит» өндіріс жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Марат Сейтказиев Астанада жылу жүйесін қалай өзгертіп жатқанын айтып өтті:

– Біз барлық ескірген желілерді алмастыруға тырысамыз, бұл бағдарлама бойынша – инвестициялар алмастыру үшін тариф. Смартфтар мемлекеттік сараптамадан өтеді, тәуелсіз техникалық бақылау бар, – деді ол. – Жылу жүйесінде 90-шы жылдардан бері пайдаланылып келе жатқан көптеген құбырлар бар. Нәтижесінде жиі апаттар орын алады. Сонымен қатар, өткен жылы Петрова көшесіндегі 8(42)-КТ жылу трассасының және Уалиханов көшесіндегі 9/1, 9/2 жылу трассасының қайта құру жұмыстары сәтті аяқталды. Бұл жылу жүйесіндегі апаттардың алдын алып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Марат Сейтказиев.

АО «Астана-Теплотранзит» 1009,2 км жылу магистральдары желісіне ие. Олардың дұрыс жұмыс істеуі үшін модернизация инвестициялық бағдарламалар аясында әрі қарай жалғасатын болады.


«Астана – Теплотранзит» АҚ жылыту маусымына дайындалуда: барлық жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде.


“5 шағын ауданында жылу желілерін қайта жаңарту» объектісі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат. (Жирентаев көшесіндегі 16- үйден Жирентаев көшесі 14 үйге дейінгі жылу трассасы”).

Қазіргі уақытта жұмыстардың 60% -ы орындалды. Инвестициялық жоба бойынша жасалып жатқан жұмыстардың бас мердігері «Қуандық-К» ЖШС болып табылады. Жұмыстар 2024 жылғы 10 сәуірде басталып, 2024 жылғы 10 қазанда аяқталады деп күтілуде.

Құрылыс – монтаждау жұмыстарын орындау барысында туындауы мүмкін уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Түсінігіңіз бен шыдамдылығыңыз үшін рахмет!



       ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МҮДДЕЛІ ТҰЛҒАЛАРҒА
       БЕКІТІЛГЕН ТАРИФТІК СМЕТАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ,
       БЕКІТІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ
       «АСТАНА-ТЕПЛОТРАНЗИТ» АҚ-ТЫҢ 2019 ЖЫЛҒЫ ЕСЕБІНІҢ ЖАРИЯ ТЫҢДАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

«Астана-Теплотранзит» АҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен жария тыңдауды және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы алынған хатқа байланысты 2020 жылғы 19 маусымға белгіленген 2019 жылдың қорытындылары бойынша есептің жария тыңдауы facebook.com әлеуметтік желісіндегі «Астана-Теплотранзит» АҚ ресми парақшасында онлайн форматта 2020 жылғы 19 маусымда сағат 15:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) тікелей эфирде өткізілетінін хабардар етеді.

 

Жария тыңдауды өткізу тәртібі:

  1. Кәсіпорынның 2019 жылғы қызметі туралы баяндама (есеп).
  2. Сұрақтар, жауаптар.
  3. Қорытындылар жасау.