«Астана-Теплотранзит» АҚ хабарлайды
Біз жылу беру желілеріне қосылу және нысандарды жылыту маусымына дайындау үшін қажет екі негізгі өтінімді онлайн форматта қабылдаймыз.
Онлайн қабылдау – процестердің ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.
1. Техникалық шарттар (ТШ) алу туралы өтінім
Өтінім мына жағдайларда беріледі:
жаңадан салынған нысандарды қосу;
тұтынылатын жылу жүктемесінің көлемін өзгерту;
бұрын қосылмаған нысанды қосу;
жылумен жабдықтау сұлбасын өзгерту;
көппәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғын емес орын-жайларды қосу.
Техникалық шарттар — нысанды жылу желілеріне қауіпсіз, нормативке сай және дұрыс қосу үшін қажетті талаптарды айқындайды.
2. Жылу пайдаланатын қондырғылардың жылыту маусымына техникалық даярлық Актісін беру туралы өтінім
Бұл Акт нысанның жылу жүйелері:
толық пайдалануға дайын екенін;
қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін;
алдағы жылыту маусымында жылу желілеріне қосуға болатындығын растайды.
Өтінімді қалай беруге болады?
Электронды пошта:
info@a-tranzit.kz
Qala Qyzmet сервисі
Қалалық қызметтер орталығының фронт-офистері:
* Сейфуллин көшесі, 27
* Қабанбай батыр даңғылы, 33
«Астана-Теплотранзит» АҚ өтінімдерді қабылдаудың ашық және қолайлы форматын қамтамасыз етеді.
Барлық өтініштер ресми түрде тіркеліп, белгіленген мерзімде қаралады.