Введите свой email адрес, на который придет ссылка для восстановления пароля.
Установка нового пароля
Введите новый пароль для вашего аккаунта.
Актуалдығы мен қажеттілігі сақталады – астаналық тұрғын жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы туралы
Актуалдығы мен қажеттілігі сақталады – астаналық тұрғын жұмысшы мамандықтарының маңызы туралы
Динамикалық дамып келе жатқан елордалық кәсіпорын – «Астана-Теплотранзит» АҚ заманауи техникамен, механизмдермен және жабдықтармен қайта жарақтандыру жұмыстарын, сондай-ақ барлық мамандықтар бойынша инженерлік-техникалық қызметкерлерді даярлау мен аттестациялауды жүргізуде. Мұнда бүгінде 700-ден астам қызметкер еңбек етеді. Солардың бірі – экскаватор машинисі Ислам Кажатов, ол өз жұмысы туралы айтып, Жұмысшы мамандықтар жылы туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Ислам Кажатов – жас мамандардың бірі, экскаватор машинисі болып 2,5 жыл еңбек етіп келеді.
«Біздің басты міндетіміз – әр үйге жылу жеткізіп, жайлылық жасау, қала тұрғындары, әсіресе балалар мен қарттар қыс мезгілінде тоңып қалмауы үшін жағдай жасау. Жылыту маусымы аяқталған соң, келесі маусымға дайындық жұмыстарын жүргіземіз – жоспарлы жөндеу және инвестициялық бағдарлама аясындағы іс-шараларды жүзеге асырамыз. Біздің реттеушілер құбырларды ауыстыру қажет учаскелерді тексереді, сол нысандарда ақауларды жою жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, апатты жағдайларда жарылу мен ағып кетулерді жоюмен айналысамыз», – деді Ислам Кажатов.
Оның айтуынша, үлкен техникаға қызығушылығы бала кезінен басталған.
«Бала кезімнен әкеммен бірге әртүрлі көліктерге мініп жүрдім, сол кезден бастап үлкен техникаға қызығушылығым оянды. Өсе келе көліктерге одан да көп көңіл бөле бастадым, оларды басқаруды үйрендім. Жылдар өте келе тәжірибе жинақталады, мамандыққа деген қызығушылық арта түседі», – деп атап өтті астаналық тұрғын.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің кадрлық әлеуетін жүйелі түрде арттырудың маңыздылығын атап өтіп, 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Ислам Кажатов осы бастаманың өзектілігі туралы өз пікірін білдірді.
«Жастарға техникалық білім алуды, арнайы техниканы басқаруды үйренуді ұсынамын. Дәл осы жұмысшы мамандықтар қаланың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін маңызды. Сонымен қатар, олар болашақта да өзекті болып қала береді. Уақыт өтуде, жұмысшы кадрлар қатарын толықтыру қажет. Сондықтан қазіргі ұрпақ бізден қалыспай, сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруі маңызды», – деп атап өтті ол.
[gallery size="medium" ids="15256,15258,15260,15262,15264,15266"]