Қыс-2024

«Астана-Теплотранзит» АҚ қызметкерлері Астана қаласы ТЖД ұйымдастырған «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты. Оқу-жаттығу аясында төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау мақсатында командалық-штабтық оқу-жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құрылымдарымен бірлескен практикалық іс-әрекеттер өткізілді. «Қыс-2024» оқу-жаттығуы барысында АҚ қызметкерлері нақты жағдайда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Аяз кезінде жылу магистралі бойында орын алған ақауды жедел түрде жойып, қажетті жұмыстарды атқарды. Қойылған міндетті мінсіз орындап, қызметкерлердің үйлесімді жұмысын көрсетті.