«Біз бірге жаңа Қазақстанды құрамыз!»

5 маусымда Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтеді, бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлады. Осыған байланысты «Бірге – Жаңа Қазақстан құрамыз!» идеясын іске асыру мақсатында Қазақстанның саяси және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазанцев Павел Олегұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Закиева Динара Болатқызы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Қизатов Ермек Ануарбекұлы «Астана-Теплотранзит» АҚ қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдумға шығарылатын мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған түсіндіру әңгімесін өткізді. [gallery size="large" ids="5710,5712,5714,5716,5718,5720"]