«Астана-Теплотранзит» АҚ қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары – «Nur Otan» фракциясының мүшелерімен кездесуі

2020 жылғы 5 қаңтарда «Астана-Теплотранзит» АҚ қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен – «Nur Otan» фракциясының мүшелері Ахметов С.К., Казанцев П.О., Нурманбетова Д.Н. кездесуі өтті. Осы кездесу барысында партия мүшелері жұмысшылармен білім сапасын арттыру, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеру, экономикалық өсудің жаңа моделін құру және халық үшін маңызды басқа да мәселелерді талқылап, түсіндірді. «Астана-Теплотранзит» АҚ қызметкерлері тақырыптарды талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды.