Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Энергетиктер күніне арналған спартакиада өткізу туралы - АО «Астана — Теплотранзит»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Энергетиктер күніне орайластырылған Спартакиада басталды. Спорттық жарысқа қаланың энергетикалық компаниялары мен коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінен құралған 7 команда жиналды. Спартакиаданың ашылу рәсімінде   «Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Бегімов қатысушылар мен жанкүйерлерді құттықтады. – «Кәсіби мереке қарсаңында энергетика және коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері арасында спорттық жарыс өткізу игі дәстүрге айналды. Биылғы жылы біздің қоғам осы шараны өткізу құрметіне ие болды. Жарыстың басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және командалық рухты нығайту. Бұл шара өте қажет, өйткені осындай жарыстың арқасында халықтың денсаулығы мен жұмыс  жасау қабілеті артады», – деді құттықтау сөзінде қоғам басшысы. Спартакиадаға келесі қызметкерлер қатысуда: «Астана – Теплотранзит» АҚ, «Астана – Энергия» АҚ, «Астана РЭК» АҚ, «Астана су арнасы» МКК, «ElordaEco System» МКК, «Астана Энергосбыт» ЖШС және «Астана-Тазалық» ЖШС. Қатысушылар тоғызқұмалақ, волейбол, шахмат, қол күрес, кір тасын  көтеру, үстел теннисі және шағын футболдан турнирлер бойынша жүлделі орындарды сарапқа салады. Жарыс 15 қараша мен 13 желтоқсан аралығында жалғасады.