“Астана — Теплотранзит” АҚ қызметкерлері Астана қаласының ТЖД ұйымдастыруымен өткен «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.
Оқу-жаттығу аясында ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілді.
АҚ қызметкерлері “Қыс-2024” оқу-жаттығу барысында апатты-құтқару жұмыстарын нақты жағдайда өткізді. Қақаған аязда орын алған жылу магистралінің бойындағы ақауды тез арада залалсыздандырып, қажетті жұмыстарды жүргізді. Тапсырманы мінсіз орындап — қызметкерлердің өзара үйлесімді жұмысын көрсетті.