Тіркеуші туралы мәліметтер
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган берген бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияларды иеленетін ұйымдармен эмитенттер жасасқан, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуге арналған шарттардың қолданысы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылды.
«Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады. Бірыңғай тіркеушінің қызметін реттейтін рәсімдер «Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 53 Қаулысымен анықталды.
Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі шарт 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-мен жасалды. Шарттың нөмірі 00672-АО.
«Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ мекенжайы: 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, №141 үй. Тел. 8 (727) 272-47-60. Ресми сайты: www.tisr.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ филиалының мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Алматы» ауданы, Амангелді Иманов көшесі, 13, «Нұр-Сәулет 2» бизнес орталығы, №101 кеңсе. Тел. 8 (7172) 47 61 88, 47 61 89