Жылумен жабдықтау үшін техникалық шарттар алу тәртібі - АО «Астана — Теплотранзит»

Жылумен жабдықтау үшін техникалық шарттар алу тәртібі

 Реттелетін қызметке тұтынушылардың рұқсаты 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ ҚРЗ «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының регламентімен белгіленген.

  1. Өтінімдерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру мынадай түрде жүзеге асырылады:
    • iQala Порталының көмегімен немесе Қошқарбаев көшесі,29 мекенжайы бойынша орналасқан Фронт-офис операторына өтіну арқылы;
    • Жаңа құрылыстың объектілері үшін, не болмаса қолданыстағы ғимаратты (объектіні) қайта жаңарту, қайта жабдықтау, қайта жоспарлаған жағдайда техникалық шарттар СЖТ құрамында беріледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 31 тармағына сәйкес жаңа құрылыс кезіндегі СЖТ ұсыну туралы өтініші  жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі мәтін бойынша – ЖАО) құрылымдық бөлімше атына «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын  құжаттарды қоса бере отырып, бекітілген үлгі (қағидағаларға №1 қосымша) бойынша беріледі. Бұл қызмет “Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну” мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары регламетімен белгіленгін.
  2. Техникалық шарттарды беруін регламентке белгілейтін нормативтік құжаттар 1-қосымшада келтірілген.
  3. Перспективалық даму қызметі «Астана-Теплотранзит» АҚ (бұдан әрі – «АТТ» АҚ) техникалық шарттарды беруге арналған өтінімдерді қарастыру жөніндегі техникалық кеңес қабылдаған шешім негізінде жылумен жабдықтауға арналған техникалық шарттарды әзірлейді.
  4. Техникалық шарттарды дайындау және беру үшін төлем өндіріп алынбайды.
  5. Тапсырыс берушілердің барлық категориялары үшін техникалық шарттарды беру тәртібі бірдей.

 Техниникалық шарттар мына жағдайларда беріледі:

  1. Жаңадан пайдалануға беілетін объектілерді жылу желілеріне қосқан;
  2. тұтынушының жылу тұтынатын қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты тұтынылатын энергия мөлшері немесе жылу тасығыштың параметрлері техникалық шарттарда және шарттың талаптарында белгіленгеннен жоғарылап өзгерген;
  3. бұрын қосылмаған объектілерді жылу желілеріне қосқан;
  4. сыртқы жылумен жабдықтаушы схемасы өзгерген жағдайларында беріледі, оның ішінде:

10.1.  Жылу желілерін жер учаскесінің аумағынан шығару (жылу желілерін салынып жатқан жер учаскесінен шығару үшін техникалық шарттар жылумен жабдықтауға техникалық шарттар беру үшін негіз болып табылмайды);

  • Жылу желілерінің объектілерін қайта жаңарту;
  1. Бұрын берілген техникалық шарттарға өзгерістер енгізу және/немесе олардың қолданылу мерзімін ұзарту.

Жылу желілеріне объектілерді қосу мыналар  болған жағдайда:

  1. Жылу көздеріндегі бос иелік қуаттылықтар;
  2. Объекті орналасқан ауданда жылу желілер;
  3. Жылу энергиясының қажетті қосымша санын беруді қамтамасыз ететін желілердің өткізгіштік қабылеті болған жағдайда мүмкін болады.

Техникалық шарттарды беруден бас тарту мына жағдайларда:

  1. Қызметтердің талап етілетін көлемдерін ұсыну үшін қажетті желілердің бос және жетімді қуаттары, өткізу қабілеті болмаған жағдайда;
  2. Қызметтерді ұсыну үшін қажетті желілер мен басқа мүліктер болмаған жағдайда;
  3. Табиғи монополиялар субъектісінің қызметін жүзеге асыру тәртібімен қарастырылған өтініштер мен құжаттар сәйкес келмеген жағдайда;
  4. Сыртқы жылу желілеріне қосылған кезде қосалқы тұтынушыға техникалық шарттарды тұтынушының келісімі болмаған жағдайда («Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 12 тармағы»);
  5. 2-Қосымшада көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда рұқсат етіледі.

Құжаттарды қабылдау тәртібі:

  1. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметіне қосылу үшін құжаттарды қабылдау және нәтижелерін беру Портал iQala арқылы немесе Қошқарбаев көшесі, 29 мекенжайы бойынша орналасқан iQala Фронт-офис операторына өтіну арқылы жүзеге асырылады.
  2. Техникалық шарттарды беру үшін өтінішке тізбеге сәйкес құжаттар қоса ұсынылады (2-қосымша).
  3. Тұтынушылардың жылу желілеріне қосылуы үшін техникалық шарттар өтініш берушінің жылу желілері иегерінің жазбаша келісімін алған жағдайда беріледі.
  4. Құжаттарды қабылдау және беру түрі:

– қағаз түрінде;

– электрондық құжат түрінде.

  1. Техникалық шарттардың әрекет ету мерзімі жобалау құжаттаманың құрамында (жобалық-сметалық) тұтынушылардың жылу желілерін және жылу тұтыну қондырғылары құрылысы мен жобалау нормативтік мерзімдерін ескере отырып, бірақ бір жылдан кем емес мерзімге белгіленеді.

 Техникалық шарттарды беру мерзімдері

  1. Тұтынушы құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда техникалық шарттарды беру туралы өтініш екі жұмыс күні ішінде қайтарылады.
  2. Энергия беруші ұйым табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға техникалық шарттар беруге арналған өтінішті:1) техникалық тұрғыдан күрделі емес объектілер үшін – екі жұмыс күні ішінде;2) техникалық тұрғыдан күрделі объектілер үшін – бес жұмыс күні ішінде қарастырады.

Уақыт кезеңімен айқындалатын мерзім бойы оның басталуы айқындалатын оқиға болған күннен немесе күнтізбелік күннен кейінгі келесі күні басталады.

Қарастыру нәтижелері бойынша «АТТ» АҚ:

– техникалық шарттарды береді;

– техникалық шарттарды беруден бас тартады.

Техникалық шарттарға өзгерістер енгізу

  1. Техникалық шарттарға өзгерістер енгізу үшін өтініш беруші өзгерістер енгізу себебін көрсететін (жылу жүктемесінің, қабатының, объектінің мақсатын, жылу тұтыну жүйелерін қосу схемасын, қосу нүктесін өзгерту және т.б.) жазбаша өтінішпен өтінуі тиіс.
  2. Иесі өзгергенде, меншік иесі ауысқанда бұрын берілген техникалық шарттарды қайта ресімдеу жүргізілмейді. Энергиямен жабдықтау шарты және теңгерімдік тиесілік және пайдалану жауапкершілігі шекараларын бөлу актісі қайта ресімдеуге жатады.

 Техникалық шарттарды ұзарту

  1. Техникалық шарттардың қолданылу мерзімін ұзарту үшін Тапсырыс беруші көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін “АТТ” АҚ-ға жазбаша өтінішпен өтінуі тиіс, онда техникалық шарттар бойынша орындалған жұмыстардың көлемін (құрылыс жұмыстарының сатысы, жылумен жабдықтауға келісілген жобаның болуы, объектінің жылу энергиясын қабылдауға дайындық дәрежесі және т. б.) және құрылысты аяқтаудың жоспарланған мерзімін көрсету қажет.
  2. Техникалық шарттарды ұзарту, құрылыстың нормативтік мерзімінен аспайтын мерзімге дейін жүзеге асырылады.

1-қосымша

Нормативтік құжаттар тізімі 

р/с Құжаттың атауы Қабылдау күні
1 «Табиғи монополиялар туралы»   Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ ҚРЗ
2 “Электр энергетикасы Туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2004 жылғы 9 шілдедегі                   № 588-II
3  «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» аңы 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II
4 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2007 жылғы 12 қаңтардағы

№ 221-III

5 Жылу энергиясын пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген
6 Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген
7 Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен бекітілген
8 Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген
9 «Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 29 шілдедегі № 573 бұйрығымен бекітілген

2-қосымша

Жылумен жабдықтауға техникалық шарттарды алу үшін құжаттар тізбесі

1.1.    Жаңадан іске қосылатын объектілердің жылу желілеріне қосуға өтінім берілген жағдайда мына құжаттар қоса беріледі:

1) Объектіні енгізудің жоспарланған мерзімі, жылуды беру мерзімі көрсетілген, жылу тұтыну түрлеріне бөлінген (жылыту, ЫСЖ, желдету), объектінің жылу жүктемелері көрсетілген өтінім, (үлгі бойынша);

2) Жылумен жабдықтау объектісіне / жер учаскесіне меншік құқығын растайтын құжаттар (оның ішінде: жеке меншік құқығындағы жер учаскесін келісу схемасы М 1:2000, М 1:10000 (көшірмелері)/объектіні жобалауға және/немесе салуға рұқсат беру туралы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысынан үзінді);

3) Ғимараттар кешеніне өтінім берілген жағдайда бөлу жоспарын немесе ғимараттардың экспликациясы бар бас жоспарды ұсыну.

1.2.    Тұтынушының жылу тұтыну қондырғыларын қайта жаңартуға немесе кеңейтуге байланысты және қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін тұтынылатын жылу энергиясының саны (немесе жылу жеткізгішінің параметрлері) өзгерген кезде жылу желілеріне қосылуға өтінім берілген жағдайда мына құжаттар қоса беріледі:

1) Объектіні енгізудің жоспарланған мерзімі, жылуды беру мерзімі көрсетілген, жылу тұтыну түрлеріне бөлінген (жылыту, ЫСЖ, желдету), объектінің жылу жүктемелері көрсетілген өтінім, (үлгі бойынша);

2) «Жылу желдету» жобасы;

3) “Нұр-сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы “ММ берілген қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) шешімі.

1.3.    Бұрын қосылмаған объектінің жылу желілеріне қосылуға өтінім берілген жағдайда мына құжаттар қоса беріледі:

1) Объектіні енгізудің жоспарланған мерзімі, жылуды беру мерзімі көрсетілген, жылу тұтыну түрлеріне бөлінген (жылыту, ЫСЖ, желдету), объектінің жылу жүктемелері көрсетілген өтінім, (үлгі бойынша);

2) Жер учаскесінің жоспары және ғимараттың техникалық паспорты  бар жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті;

3) Меншік құқығын растайтын құжаттар;

4) Ғимараттар кешеніне өтінім берген жағдайда-бөлу жоспарын немесе ғимараттардың экспликациясы бар бас жоспарды ұсыну.

1.4.Сыртқы жылумен жабдықтау сызбанұсқасы өзгерген кезде жылу желілеріне қосылуға өтінім берілген жағдайда мына құжаттар қоса беріледі:

1) Объектіні енгізудің жоспарланған мерзімі көрсетілген өтінім (үлгі бойынша);

2) Жылу трассасын қайта жаңартуға немесе шығаруға байланысты объектіні қосудың жоспарланған орны көрсетілген трассаның сызбанұсқасы.

1.5.    Бұрын берілген техникалық шарттар өзгерген/ұзартылған кезде мына құжаттар қоса беріледі:

1) Объектіні енгізудің жоспарланған мерзімі, жылуды беру мерзімі көрсетілген, жылу тұтыну түрлеріне бөлінген (жылыту, ЫСЖ, желдету), объектінің жылу жүктемелері көрсетілген өтінім (үлгі бойынша);

2) “Жылыту желдету” жобасы (жылу жүктемесі бар парақ, бар болса);

3) Объектіні жобалауға және/немесе салуға рұқсат беру туралы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің қолданыстағы қаулысынан үзінді.

  • Тұтынушының жылу желілеріне қосалқы тұтынушыны қосуға арналған техникалық шарттарды келісуге өтінім берілген жағдайда мына құжаттар қоса беріледі:

1) Тұтынушы берген техникалық шарт;

2) Тұтынушының объектісіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (әкімшілік ғимараттан, бизнес-орталықтан, сауда-ойын-сауық орталығынан, сауда үйінен, паркингтен, өндірістік мақсаттағы объектіден қосылған жағдайда);

3) Тұрғын үйдің жылу желілеріне қосылған жағдайда – тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйым ретінде ПИК (ЖШС, басқарушы компанияның ЖК) сайлау туралы тұрғын үйдің пәтер иелерінің жиналысы хаттамасының көшірмесі.