Тұңғыш Президент күніне өткізілген іс-шаралар - АО «Астана — Теплотранзит»

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Астана-Теплотранзит» АҚ мемлекеттік тілді енгізу бөлімі жыл сайын Іс-шаралар жоспарын бекітеді. Бекітілген Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылғы 25-30 қараша аралығында әртүрлі іс-шаралар өткізілді.

1) Ағымдағы жылдың 25 қарашасында мемлекеттік тілді енгізу бөлімі «Елбасы – ел тірегі» тақырыбында қабырға газетін шығарды.

2) Мерекелер қарсаңында кәсіпорын аумағына баннер мен мерекелік тулар ілініп безендірілді.

3) Сондай-ақ мемлекеттік тілді енгізу бөлімінің ұйымдастыруымен «Астана-Теплотранзит» АҚ жұмыскерлері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жаңа Музейіне барды.