Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі – АО «Астана — Теплотранзит»

«Астана-Теплотранзит» АҚ-та (бұдан әрі мәтін бойынша – Қоғам) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті шаралар қабылдау, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және ескерту бойынша ішкі бақылауды күшейту үшін ағымдағы жылдың 17 қарашасында Қоғам жұмыскерлері үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жақсылыққызы Жылқышиевамен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа енгізілімдер, парасаттылық идеологиясын қалыптастыру туралы» тақырыбында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарма төрағасының кеңесшісі Асхат Сұлтанбекұлы Қожымовпен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі» тақырыбында дәріс өткізді және осы саладағы заңнаманың талаптарын түсіндірді. Дәріс соңында қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.