Мои символы – моя гордость – АО «Астана — Теплотранзит»

«Астана-Теплотранзит» АҚ-та мемлекеттік тілді енгізу бөлімі Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  рәміздер  күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мереке қарсаңында кәсіпорын аумағына баннер мен мерекелік тулар ілініп безендірілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, насихаттау мақсатында мемлекеттік тілді енгізу бөлімі «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің нышаны» атты қабырға газетін шығарды.

Мемлекеттік тілді енгізу бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылғы 4 маусымда сағ.09-00-де барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (мединалық бетперде, арақашықтық) сақтай отырып, «Астана-Теплотранзит» АҚ-тың Тұран даңғылы, 12 бойынша орталық жылу тарату пунктінің және  Республика даңғылы, 70Н бойынша  1-сорғы станциясының жұмыскерлері өз жұмыс орындарында, сондай-ақ Жансүгірұлы көшесі, 7 мекенжайында орналасқан  әкімшілік-тұрмыстық кешенінің жұмыскерлері кәсіпорын аумағында салтанатты сапқа тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бір мезгілде  орындады.


Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген мақсаттарымызды демеп игі істерімізді қолдай берсін!  Әрқашан бірлігіміз жасасын!