Мемлекеттік тілді үйренуші жұмыскерлер арасында мемлекеттік тіл бойынша тестілеу өткізу туралы - АО «Астана — Теплотранзит»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың  2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде, сондай-ақ «Астана-Теплотранзит» АҚ-тың әкімшілік-басқару персоналын және өндірістік персоналдың инженер құрамын мемлекеттік тілге оқыту туралы ережеге» сәйкес мемлекеттік тілді білу деңгейін арттыру және келесі оқыту курсына көшіру үшін мемлекеттік тілді үйренуші жұмыскерлердің мемлекеттік тілді білуін тексеруге 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша жыл сайынғы тестілеуді өткізу мақсатында бұйрық шығарылды.

Осыған орай карантиндік немесе төтенше шараларын жариялау кезінде COVID-19 инфекциясының таралу қаупінің пайда болуын болдырмау үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (медициналық бетперде, арақашықтық, антисептик)  сақтай отырып, «Астана-Теплотранзит» АҚ-та мемлекеттік тілді үйренушілердің бастауыш, жалғастырушы және тереңдетілген топтары арасында 2021 жылғы 27 мамырда тест өткізілді.

Тест ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымы бойынша өткізілді. Алдын ала үш деңгей бойынша тест сұрақтары әзірленді. Тест сұрақтары төрт бөліктен тұрады: тыңдалым, лексика-грамматикалық бөлік, оқылым, жазылым. Әр бөлікті орындауға тиісті уақыт бөлінді.