Көктем-2021 - АО «Астана — Теплотранзит»

2021 жылғы 4, 5 наурызда «Астана-Теплотранзит» АҚ «2021 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.

РКШО-ға қатысу шеңберінде 4, 5 наурыз күні «Байқоңыр» ауданы әкімдігімен, «Сарыарқа» ауданының ТЖ басқармасымен, «Елорда Эко Систем» ШЖҚ МКК-мен бірлесіп, Өндіріс тұрғын алабында, Үшқоңыр көшесі мен Шардара қысқа көшесінің қиылысында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді: арық-науа желісі тазартылды және жол арқылы құбыр салынды. Осы мақсатта техника бөлініп, механиктер кезекшілігі ұйымдастырылды.

«Көктем 2021» РКШО нәтижелері бойынша «Астана-Теплотранзит» АҚ экскаватор машинисі Хабдулла Әбілдинов белсенді қатысқаны үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.А.Қизатовтан алғыс хат алды.