ЕРЕН ЕҢБЕК ЕЛЕНДІ - АО «Астана — Теплотранзит»

Жылу желілерін пайдалану қызметінің жылу желілеріне қызмет көрсету жөніндегі слесарі, бригадир Базарбай Оспанұлы Жұмәділов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Бұл – көп жыл бойы атқарып жатқан еңбектің жемісі. Осы орайда Базарбай Оспанұлын алған марапатымен құттықтай отырып, бойына күш-жігер, қажымас қайрат, еңбегіне таусылмас табыс, отбасына ортаймас бақ-ырыс тілейміз!