«Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамында Қазақстан халқы тілдері күніне және Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Тіл апталығында өткізілген іс-шаралар – АО «Астана — Теплотранзит»

«Астана-Теплотранзит» АҚ мемлекеттік тілді енгізу бөлімі  5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай жыл сайынғы Тіл апталығының   іс -шаралар жоспарын бекітіп, 2021 жылғы 31 тамыз және 3 қыркүйек аралығында аталған жоспарға сәйкес іс-шараларды ұйымдастырды.

  1. Бекітілген Іс-шаралар жоспарына сәйкес Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай  мемлекеттік тілді енгізу бөлімі «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» тақырыбындағы қабырға газетін шығарды.

2.«Қазақ поэзиясының символы – Мұқағали Мақатаев» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді.

3.Мемлекеттік тілді енгізу бөліміАстана-Теплотранзит» АҚ жұмыскерлері арасында Мұқағали  Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Есіңе мені алғайсың…» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан немесе ән айтудан онлайн-челлендж ұйымдастырды.

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан және сөзіне жазылған әндерді орындаудан онлайн челлендж