Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара – АО «Астана — Теплотранзит»

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Астана-Теплотранзит» АҚ мемлекеттік тілді енгізу бөлімі жыл сайынғы бекітілген Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылғы 11-15 желтоқсан аралығында мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

1) Мемлекеттік тілді енгізу бөлімі Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында қабырға газетін шығарды.

2) Өз еліне деген патриоттық сезімін ояту, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәуелсіздік жолындағы ерлік күрес және қол жеткізген жетістіктермен таныстыру мақсатында мемлекеттік тілді үйренушілерге электрондық пошта, WhatsApp мессенджері арқылы  «Қазақстанның Тәуелсіздік күні!» тақырыбында бейне материал жіберіліп, онлайн сабақта талқыланды.