Серік Кәкімтайұлы Амангелдинов - АО «Астана — Теплотранзит»

Серік Кәкімтайұлы Амангелдинов

Туған күні: 1984 жылғы 3 мамыр

Білімі – жоғары

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті: «Тарих және география», Фемида заң академиясы «Құқықтану», «Құқық магистрі», «Қарағанды Болашақ университеті» ЖМ, «Экономика», МВА general (іскерлік әкімшілендіру магистрі)

Жұмыс тәжірибесі:

2005-2009 жылдар — оқытушы: Қазақстан-Ресей университеті әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Экономика, бизнес және құқық колледжі;

2009 жыл —  Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісінің Теміртау аумақтық бөлімінің сот орындаушысы, Теміртау қаласы;

2009-2011 жылдар — Қарағанды облысы бойынша Әділет департаменті Жезқазған қаласы Әділет басқармасының жетекші маманы, Жезқазған қаласы; Қарағанды облысы бойынша Әділет департаментінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы;

2011-2012 жылдар — ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (монополияға қарсы агенттік) Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы, Қарағанды қаласы өңіраралық инспекциясы ММ Қарағанды облысы бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы, бастығы; «Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы инспекция» ММ тергеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, Қарағанды қаласы;

2012-2020 жылдар – Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы сапаны бақылау бөлімінің, ішкі аудит және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, аппарат басшысы, бас ревизор/

2020-2023 жылдар — «Астана БЕО» ЖШС әкімшілік департаментінің директоры, бас директорының орынбасары Астана қаласы;

2024 жыл  — «Маңғыстау БЕО» ЖШС бас директоры, Ақтау қаласы;

2024 жыл – «Астана қаласының №2 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК директорының орынбасары;

2024 жылғы шілд айынан қазіргі уақытқа дейін —  «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

Қосымша ақпарат:

Қазақстан Республикасының Жоғары санатты мемлекеттік аудиторы.

Отбасы жағдайы: үйленген