Кәсіпорын туралы - АО «Астана — Теплотранзит»

Кәсіпорын туралы

1965 жылдың 1 наурызында, ол кезде әлі Целиноград болатын, Жылу тораптарының басқармасы құрылған. 1997 жылы қала Қазақстан Республикасының астанасы – Астана болды. Жас астананың құрылыс қарқыны жылу энергиясын тұтынудың тез өсуіне, ол ескі тораптардың жаңартылуына және жаңа тораптардың құрылысына әкелді. «Астана-Теплотранзит» Акционерлік қоғамы – бұл қазіргі техникамен, механизмдермен және құрал-жабдықтармен өндірістің жаңадан жабдықталуын белсенді жүргізетін динамикалық дамушы кәсіпорын, техникалық және ұйымдастырушылық құрамын арттыру жұмысы жүргізіледі, барлық мамандықтар бойынша инженерлік техникалық қызметкерлердің және жұмысшылардың дайындығы және аттестациясы өткізіледі. Барлық кезеңде жұмыс сапасына назар бөлінеді.

2004 жылғы 4 қарашада Астана қаласының Әділет департаменті «Астана-Теплотранзит» АҚ-на заңды тұлға ретінде Мемлекеттік тіркеу туралы №17549-1901-АО куәлігін берді. «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның қызметі мыналардың негізінде жүзеге асырылады:

  • Жылу энергиясын беруге, электр тораптарын және қосалқы станцияларын, көтергіш құрылғыларға, қысымды ыдыстар мен құбырларды пайдалануға, қысыммен жұмыс істейтін энергетикалық құрал-жабдықтардың, ыдыстар мен құбырлардың жөндеуіне Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен 2004 жылғы 30 қарашада берілген №003354 мемлекеттік лицензиясы;
  • Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жұмыс түрлерімен шұғылдануға Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы департаментімен 2005 жылғы 17 наурызда берілген №00082028 мемлекеттік лицензиясы.

«Астана-Теплотранзит» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасы, кәсіпорын Жарғысы, сондай-ақ құрылтайшы шешімі негізінде әрекет етеді.

Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы жалғыз акционер болып табылады

Негізгі қызмет түрі жылу энергиясын беру және тарату болып табылады. 
«Астана-Теплотранзит» АҚ қызметінің бас міндеті қаланың барлық тұтынушыларын жылу энергиясымен тоқтаусыз және сапалы қамтамасыз ету.

«Астана-Теплотранзит» АҚ жылу тораптары мен механикалық жылу жабдықтарының апатсыз және тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету үшін мына жұмыстарды жүргізеді:

  • қаланың даму жоспарына сәйкес жылу тораптарын техникалық қайта жарақтандыру, жөндеу, жаңарту және дамыту бойынша;
  • жылу тораптары мен жабдықтарын пайдалану және күтіп ұстауға техникалық қадағалауды жүзеге асырады;
  • жаңа трассаны төсеу және сорғы станцияларының құрылысы бойынша;
  • жұмыс барысын автоматты жүйеде бақылауды енгізу бойынша;
  • әлеуеметтік саясат және кадрларға қамқорлық жасау бойынша.

«Астана-Теплотранзит» АҚ-ның көрсететін қызметтері өмірге қажетті топқа жатады. Кәсіпорын көрсететін қызметтердің сипатына қарай табиғи монополист мәртебесіне ие және оның қызметі ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен бақыланады. 2007 жылғы 4 сәуірдегі №8702 бұйрықпен «Астана-Теплотранзит» АҚ Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің Республикалық бөлімінен шығарылды және Астана қаласы бойынша ТМРА басқармасының 2007 жылғы 18 сәуірдегі №29-ОД бұйрығына сәйкес Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жылу энергиясын беру және тарату қызмет түрі бойынша жергілікті бөліміне енгізілді.

Жылу энергиясын беру және бөлу тарифтері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бұйрықтарымен бекітіледі.

Трасса бойынша қызмет көрсетілетін жылу желілерінің жалпы ұзындығы 2023 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 957,016 км құрайды, оның ішінде:

  • су жылу трассасының ұзындығы 948,695 км құрайды;
  • бу трассасының ұзындығы 8,321 км құрайды.

Жылу желілерінің гидравликалық режимін қамтамасыз ету үшін:

  • №№ 1, 2, 3, 5, 6, 7, 9 сорғы станциялары – тура және кері ағынды құбырларда,
  • №№ 8, 10, 11 сорғы станциялары – кері ағынды құбырларда орнатылған.

8331 есепке алу аспабы орнатылды, оның ішінде қаланың аудандары бойынша:

  • Есіл ауданы − 2227;
  • Сарыарқа ауданы – 2110;
  • Алматы ауданы – 2448;
  • Байқоңыр ауданы – 1506

«Астана-Теплотранзит» АҚ-ның ұжымы жиналған тәжірибені және жылу тораптарын пайдалануда жаңа технологияларды қолданып, астананың сәулетті келбетін жақсарту үшін жерүсті жылу магистралын жерасты магистралына қайта құру бойынша, энергетикалық кешенін дамыту және Астана қаласының жаңа әкімшілік-саяси орталығын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар жүргізуде.

Қазақстанның экономикалық әлеуетті дамытудағы үлесі үшін «Астана-Теплотранзит» АҚ халықаралық деңгейде жоғары бағаланған.

Жылу энергиясын тасымалдау кезіндегі экономикалық көрсеткіштері үшін, озық технологияларды енгізу және энергетикалық кешен жұмыстарын жақсарту үшін 2006 жылы Швейцарияда «Тиімді дамушы кәсіпорын» атты номинацияны қарастыру кезінде А.Қ. Жұмабаев басшылық ететін «Астана-Теплотранзит» АҚ халықаралық «Алтын кесек» жүлдесіне ие болды.

Мәскеудегі «Ұлттық Экономиканың қолбасшылары Топ 100» Халықаралық саммитте біздің ұйымды Халықаралық Іскерлік Кеңесі «2006 жылдың ұлттық Экономиканың көшбасшысы» деген Халықаралық Құрмет белгісі Сыйлығын алуға марапаттады.

«2006 жылдың ұлттық Экономиканың көшбасшысы» деген Халықаралық Құрмет белгісі Сыйлығын алу біздің жетістіктерімізді мойындау белгісі болып табылады, оған өз саласында, өңірінде және республикасында көшбасшы болып табылатын компания ие болады.

«Ұлттық Экономиканың қолбасшылары Топ 100» Халықаралық саммитке қатысу және «2006 жылдың ұлттық Экономиканың көшбасшысы» деген Құрмет белгісімен марапатталу лауреат компаниясының жоғарғы мәртебесін қолдау бойынша жеке және қоғамдық міндеттеме болып табылдады, ол біздің компаниямыздың имиджі мен беделін Ресейде ғана емес, шетелде де, әрине, бекітеді.

«Астана-Теплотранзит» АҚ 2007 жылғы Швейцарияда біздің компаниямыздың Қазақстан экономикалық әлеуетін дамытудағы үлесін жоғары бағалап, айқындығы үшін TRANSPARENCY AWARD деген халықаралық құрмет сыйлығының сарапшы одағы қаржы және корпоративті басқару саласында «Астана-Теплотранзит» АҚ-на компанияның іскери тәжірибесінде айқын қағидатымен жүргені үшін «Хрусталь тамшы» аттас сыйлығы атағын берді. Айқындығы үшін халықаралық құрмет сыйлығы дүниежүзілік қоғамдықтың мойындау фактісі болып табылады және аса табысты айқын кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге компанияның бәсекелестік қабілеттілігі, айқындығы мен қаржы тиімділігін жан-жақты талдау негізінде табысталады.

2008 жылы Мәскеуде ІІІ Халықаралық Сапа Ассамблеясында Сапаны жылжыту Халықаралық бағдарламасының Қадағалау кеңесі «Астана-Теплотранзит» АҚ-ын «Сапаның алтын сертификаты»атты Халықаралық дипломмен марапаттады.

«Сапаның алтын сертификаты» дегеніміз біздің компанияны өз саласындағы көшбасшы ретінде барлық дүние бойынша танылатын мойындау белгісі, оны тек қана маркетингті саясатта ғана емес, басқа ішкі байланыстарда да тиімді қолдануға болады.

2008 жылдан бастап «Астана-Теплотранзит» АҚ INOBI Халықаралық ұйымның мүшесі болып табылады. Кәсіпорын мен ұйымдардың INOBI ұйымына кіру құқығын Ұйымның Үлестіруші кеңесі анықтайды.

Бос және қол жетімді қуаттың  болуы туралы мәліметтер: Астана қаласы бойынша 2019 жылғы 04 қыркүйек 1.8 Гкал/сағат жылу көлемінде тапшылығы бар.

Жинақталған тәжірибені,  жылу желілерін пайдалануда жаңа технологияларды  қолдана отырып  «Астана-Теплотранзит» АҚ  астананың сәулеттік келбетін жақсарту үшін жерүсті жылу магистральдарды жерастыға қайта салу, Астана қаласының  энергетикалық кешенін дамыту және жаңа әкімшілік-саяси орталығын орталықтандырылған жылумен жабдықтау бойынша  үлкен жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз!

International Organization on Business and Investments (INOBI) іскерлік тәжірибеде белгілі бір жетістіктерге жеткен және ұқсас міндеттерді шешетін іскер адамдарды біріктіретін халықаралық ұйым болып табылады.

2008 жылы Австрияда «European Awards Ceremony» салтанатты рәсімінде Еуропалық Бизнес Ассамблеяның Номинация Комитеті (ЕВА, Оксфорд, Великобритания) және «XXI ғасыр көшбасшылары» атты Халықаралық имидж бағдарламасының Сарапшы Кеңесі «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның қызметін жоғары бағалап, «European Quality» (Еуропалық сапа) дегенХалықаралық наградамен марапаттады.

Осындай беделді наградамен өнімдері мен қызметтері жоғарғы сапа көрсеткіштеріне және бәсекелестік қабілеттілігіне сәйкес келетін компаниялар белгіленеді.

Қазіргі уақытта – «Астана-Теплотранзит» АҚ жоғары білікті мамандары мен қажетті материалдық базасы бар динамикалық дамыған, 16 ұлт өкілінің 716 адамы жұмыс істейтін,кәсіпорын. «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның табыс кепілі кәсіпорын әкімшілігі жүргізетін сауатты әлеуметтік саясат, кәсіпорында жұмыс істейтін адамдарға және зейнеткерлерге қомқорлық жасау болып табылады. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген әлеуметтік көмекке қоса, еңбек шартында нақты көрсетілген жеткілікті қамтамасыз етілмеген және мұқтажды жұмыскерлерге көмек көрсету үшін көзделген шаралар әзірленген. Жеңіс күні мен Қарттар күнін мерекелеуде ҰОС ардагерлері мен зейнеткерлерге материалдық көмек көрсетіледі, салтанатты жиналыс өткізіледі, ұжым қызметкерлері күшімен концерт ұйымдастырылады. Кәсіпорында Ауғанстан соғыс ардагерлері, Чернобыль АЭС апат салдарын жоюшылары жұмыс істейді. Осы адамдарды өндіріс әрқашан есте сақтайды.

Жыл сайын Наурыз және Қазақстан Халықтарының тілдер күні ұлттық калориті бар іс-шаралар өткізіледі. Бұл мерекелер әрқашан бейбітшілік, мейірімділік және келісім ахуалында өтеді, Қазақстанның барлық халықтарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрмет көрсетілетін осы шараларға үлкен ұжымның барлық әр ұлтты қызметкерлері сайыстарға, жарыстарға қатысады.

Энергетика күні қарсаңында өз спорт залымызда жыл сайынғы спартакиада жарысын өткізу дәстүрге айналды. Онда тек қана спартакиаданың қорытындысы жүргізіліп қана қоймай, кәсіпорынның жылыту мезгіліне дайындығы бойынша барлық ұжымның жұмыс қорытындысы жүргізіледі. Әдемі, кең акт залында салтанатты түрде «Алтын қолды – шебер», «Үздік маман», «Үздік бригада», «Үздік мастер» номинациялары бойынша кубок, грамота, ақшалай сыйақы табысталып, жас мамандардың жұмысы ескеріліп, жеңімпаздарды құттықтайды.

Еңбек жағдайын жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде – кәсіпорынның аумағында өзінің таза және жайлы асханасы, буфет, спорт, жаттығу және фитнес залы, музыкалық студия, кең акт залы, киім шешетін орын және душ бөлмесі бар. Қазіргі заманға сай барлық жаттығу құралдарымен жабдықталған спорт залында спорт жөніндегі тәжірибелі нұсқаушы жүргізеді. Музыкалық студияның көркемдік жетекшісі дарынды жұмыскерлермен жұмыс істейді, вокалды инструменталдық ансамбль құрылды, көркемөнерпаз мүшелері мерекелік іс-шараларға қатысады. Кәсіпорынның өз медициналық пункті бар, онда әрқашан білікті медициналық көмек көрсетіледі.

Кәсіпорын медициналық көмекті ұсынудың медициналық сақтандыру шартын қамтамасыз ету бойынша кепілгері болып саналады, шартқа сәйкес кәсіпорын полис құнының 70 пайызын төлейді.

«Астана-Теплотранзит» АҚ кәсіподақ ұйымының саны 470 адам. Кәсіподақ комитеті күшімен балалар ертеңгіліктері және жаңа жыл сыйлықтары сатып алынады, балалардың пионер лагерінінің жолдама құнының 50 пайызын төлейді, кәсіпорын қызметкерінің денсаулығын қалпына келтіру үшін, курорты- санаториялық емделу санаториясына бару жолы жартылай төленеді, мұқтажды қызметкерлерге материалдық көмек көрсетіледі. Мерей той иелеріне, зейнеткерлерге құрмет көрсетуге ақшалай көтермелеулер бөлінеді. Жылына бір рет барлық кәсіподақ мүшелеріне жаңа жыл дастарханына сыйлықтар сыйланады.

«Астана-Теплотранзит» АҚ – еңбек ұжымының тарихы, әнұраны мен туы бар және жұмыс үшін барлық жағдай жасалған кәсіпорын.

«Астана-Теплотранзит»АҚ жылу энергиясын беру және бөлу қызметтерінің тарифтері

  • 2016 жылы – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 1 070 теңге;
  • 2017 жылы – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 1 131,39 теңге;
  • 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 маусымға дейін – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 1 204,49 теңге;
  • 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 31 тамызға дейін – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 1 190,1 теңге;
  • 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 1 180,53 теңге;
  • 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 1 125,39 теңге;
  •  2020 жылы – 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 1 346,10 теңге.

 

Негіз:

  1. ҚР ҰЭМ Астана қаласы бойынша ТМРБжТҚҚКД-нің 2017 жылғы 29 қарашадағы №161-НҚ бұйрығы
  2. ҚР ҰЭМ Астана қаласы бойынша ТМРБжТҚҚКД-нің 2018 жылғы 4 маусымдағы №82-НҚ бұйрығы.
  3. ҚР ҰЭМ Астана қаласы бойынша ТМРБжТҚҚКД-нің 2018 жылғы 6 тамыздағы №116-НҚ бұйрығы
city