2017 жылғы жылыту маусымының басталуы

Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес астанада жылыту маусымы 27 қыркүйекте басталды. Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасына сәйкес «Астана-Теплотранзит» АҚ жылыту маусымы басталғаннан кейін әзірлік паспортын алған тұтынушыларды қосады, жылу желілері мен тұтынушыларға жылу кірмелері жұмысының гидравликалық режимін түбегейлі реттейді.

Бүгінгі күні жылумен жабдықтау нысандарын қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр, ол жылу желілері жұмысының гидравликалық режимін өзгертеді, бір уақытта магистральды құбырлар жұмысының гидравликалық сызбанұсқасы реттеледі, сорғы станциялары іске жіберіледі. Бұл ретте қажетті қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін тұтынушылардағы тұрақты жылу-гидравликалық режимдер таяу арада қамтамасыз етіледі, сондай-ақ өтпелі-іске жіберу кезеңі техникалық тұрғыда шарасыз.

"Астана-Теплотранзит" АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Блог Председателя Правления

Поиск по сайту







© АО «Астана-Теплотранзит»