«Астана-Теплотранзит» АҚ 2016-2017 жж жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралардың шеңберінде жүргізілген жөндеу жұмыстары

Жылыту маусымының аяқталуы астаналық энергетиктер үшін демалатын себеп емес. Жаз мезгілі – бұл жөндеу бағдарламасын жүргізу бойынша жауапты жұмыстың басталуы, өйткені алда кезекті жылыту маусымы бар, еліміздің бас қаласы барлық энергия ресурстармен және технологиялық жабдықтардың үздіксіз жұмысымен қамтылуы үшін энергетикалық жабдықтарды қайта құру мен жаңартудың маңызы зор.
«Астана-Теплотранзит» АҚ алда болатын 2016-2017 жж жылыту маусымына дайындық шеңберінде жылыту магистралальдарын жаңарту және қайта құру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Іс-шараларды орындауға 20 брига және арнайы техниканың 51 бірлігі қатысты.
«Астана-Теплотранзит» АҚ жөндеу жұмыстарының жоспары бойынша ұзақтығы 1,150 км, сондай-ақ 1,432 км құрайтын ішкі тоқсандық желілердің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Күрделі құрылыс объектілерінің тізіміне кіретіндер: Жетіген көшесі бойынша, Пушкин көшесінен 1(22) –Павильонға дейінгі №16 жылу магистралі, Кардиологиялық орталықтың жылу желілерін қайта жаңарту; "№2Градокомплекс " ТК- жылыту трассаларын қайта жаңарту,; №53(2) құбырының түйінінен Жеруйык 2/1 көшесіне дейінгі жылыту трассаларын қайта жаңарту.
2016 жылғы 15 маусымындағы жағдайы бойынша жұмыстарды орындау барысында 2,582 км-дің 990 м жөнделді, жоспарланған 30698 ш.м ішінен 1950 ш.м. көлеміндегі құбырдың бетін жылумен оқшаулауды қалпына келтіру жүргізілді.
Инвестициялық бағдарламаның шеңберінде ұзақтығы 9,768 км құрайтын магистральды және таратушы желілерді жаңарту жоспарланған. Олардың ішінде: 2,472 км магистральды желілер: №21 жылыту магистарлі, Құдайбердіұлы даңғылы бойымен 1(23) Павильонынан бастап Ақбұлақ өзеніне дейін; №9 жылыту магистарлі, №12 жылыту құбырының түйінінен бастап Әуезов көшесінің бойымен №14 құбырының түйініне дейін; №6 жылыту магистралі, Жангильдин көшесінен Бөгенбай даңғылына дейін.
Таратушы желілердің 7,296 км: таратушы желілердің жоспарлануын ескеріп, Мүсірепов к-сі, 8/1. 7/1, 7/2 бойынша қайта жаңарту; таратушы желілердің жоспарлануын ескеріп Мүсірепов к-сі 10,12,14 бойынша қайта жаңарту; таратушы желілердің жоспарлануын ескеріп, Мирзоян к-сі 8 бойынша қайта жаңарту; таратушы желілердің жоспарлануын ескеріп, Күйші Дина к-сі, 23 бойынша қосқышты қайта жаңарту; №9(10) құбырдың торабынан бастап ж/ трассасының жоспарлануын ескеріп Ағыбай батыр к-сі бойынша №4 үй қасындағы ТС қайта жаңарту; Потанин к-сі бойынша ж/трассасының жоспарлануын ескеріп қайта жаңарту; Сарыарқа даңғылы 35, Жамбыл к-сі 71-79, 69 Бөгенбай даңғылы 23/1 бойынша жылыту трассасының жоспарлануын ескеріп қайта жаңарту.
2016 жылғы 15 маусымдағы жоспарланған магистарльды және таратушы желілердің 9,768 км-нің ішінен 1,015 км қайта жаңартылды.
Күрделі жөндеу және инвестициялық бағдарлама жоспарында қарастырылған іс-шаралардың толық көлемін ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспраланған.

Басқарма төрағасының блогы

Сайт бойынша іздеу







© «Астана-Теплотранзит» АҚ