Жылу энергиясын беру және тарату бойынша 2016-2020 ж.ж. арналған тарифтердің шекті деңгейі бекітілді.

2016 жылдан бастап астаналық энергетикалық кәсіпорын – жылу көздерінен тұтынушыларға дейін жылу энергиясын тасымалдайтын табиғи монополия субъектісі «Астана-Теплотранзит» АҚ 2016-2020 жылдарға бекітілген ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істейді. «Астана-Теплотранзит» АҚ қызмет көрсетуінде жылу трассасының 571 км және 10 сорғы станциясы бар.
Жылу энергиясын тасымалдау тарифі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС-ты есепке алмағанда 1 Гкал үшін 1070 теңге мөлшерінде бекітілді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері бойынша 2015 жылы нақты инфляция 13,6% болған кезде, өсім 7% құрады.
Жылу энергиясын тасымалдау қызметтерінің қымбаттауы инвестициялық салымдардың өсуіне, жылу желілерін ағымдағы күтіп ұстау және пайдалану үшін қажетті энергетикалық ресурстар, шикізат, материалдар, қосалқы бөлшектер бағасының өсуіне негізделген.
2016-2020 жылдарға арналған «Астана-Теплотранзит» АҚ-тың инвестициялық бағдарламасы 6 370,9 млн. теңге сомадағы жалпы салыммен бекітілді. Инвестициялар жылу желілерін қайта жаңартуға, арнайы техниканы жаңартуға бағытталатын болады, бұл көлік құралдарын жалға алу шығыстарын қысқартуға, ескі жабдықты ауыстыруға, заманауи құралдар мен жүйелерді сатып алуға мүмкіндік береді. Осы барлық іс-шаралар нормативтік-техникалық ысыраптардың қысқаруына септігін тигізеді, жабдықтың сенімді, үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Бұл ретте, егер Қазақстан Республикасы бойынша халықтар үшін жылу энергиясын босатудың орташа тарифтерін салыстырғанда, Астана қаласы 14-орынды алады.

Басқарма төрағасының блогы

Сайт бойынша іздеу







© «Астана-Теплотранзит» АҚ