«Астана-Теплотранзит» АҚ энергия үнемдеуі және энергия тиімділігін арттыруы

энергия үнемдеуі

ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУГЕ КІРІСПЕ

Энергия үнемдеу ресурстары - XXI ғасырдың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл проблеманы шешу нәтижесінен біздің қоғамымыздың экономикалық қатынаста дамыған елдердің қатарында орын алуы және азаматтардың өмір деңгейі байланысты.

«Энергияны үнемдеу» терминінің мазмұны мен түсінігі біздің білімімізге, техникалық мүмкіндіктерімізге және табиғи байлығымыздың ысырап жұмсалуына келешек ұрпақ алдындағы біздің жауапкершілік деңгейімізге сәйкес келеді, сол себептен бұл проблема даму мүмкіндігіне байланысты үнемі өзгеріп отырады.

1977 жылы энергетикалық бейіндегі беделді халықаралық үкіметтік емес ұйымның бірі Дүниежүзілік энергетикалық конференциясында (ДЭК) энергия үнемдеу проблемасын «ғимараттағы жылу туралы мамандардың білімінің тапшылығы және ғимараттың ауа райлық пен жылумен жабдықтау жүйесінде ғылым мен техниканың жетістіктерін анағұрлым әлсіз пайдалану» деп тұжырымдады.

Бірінші энергетикалық дағдарыстан кейін 1973 жылдың соңында «энергия үнемдеу» термині ғимараттың ауа райлық пен жылумен жабдықтау жүйесінде энергия шығынын төмендетудің қарапайым жолдарын іздеу дегенді білдірді. 1990 жылдардың басында бұл термин орынжайлардағы микроклимат сапасын арттыруға мүмкіндік беретін энергия үнемдеуші технологиясын таңдау деп түсіндірілді.

Энергия үнемдеу – шаруашылық айналымдағы қайта жаңартылатын энергия көзін тартуға және оны қолдануда пайдалы әсері бар кезінде отын-энергетикалық ресурстарын тиімді (оңтайлы) пайдалануға (және үнемді жұмсауға) бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми, өндірістік, техникалық, және экономикалық шараларды іске асыру бойынша шаралар кешені («Энергия үнемдеу әне энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР заңы)

Отын-энергетикалық ресурстары – өндірістік, тұрмыстық және экспорттық қажеттілікті қамтамасыз ету үшін елдегі отын мен энергияның (мұнай өндеу, газ, көмір, торф және қатпарлы өнеркәсібінің өнімдері, атом және су электрстанциялары электр энергиясы, сондай-ақ жергілікті отын түрлері) әр түрлерінің жиынтығы.

Энергия тиімділігі - энергетикалық ресурсты (ресурстарды) пайдаланудан алынған пайдалы әсердің, оның ішінде өндірілген өнім көлемінің осы әсерді алуға себепші болған тиісті ресурстың (ресурстардың) шығындарына қатынасы.

Қазігі уақытта «энергия үнемдеу» термині «sustainablebuilding», яғни адамдар мекендейтін ортаның сапасын қамтамасыз ететін ғимарат құрлысымен, табиғи қоршаған ортаны сақтау және қайта жаңартылатын энергия көздерін ұтымды тұтынумен, құрлыс материалдары мен су ресурстарын қайта пайдалану мүмкіндігі түсінігімен байланысты.

Экономикалық дағдарыс жағдайында энергия үнемдеу басымды мемлекеттік міндеттер болып табылады, себебі мемлекеттік реттеудің қарапайым шараларымен бюджеттің барлық деңгейлеріндегі жүктемені едәуір төмендетуге, энергетикалық тарифтердің өсуін ұстап тұруға, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жұмыс нарығында ұсыныстарды арттыруға мүмкіндік береді.

Энергия үнемдеу мақсаты энергия тиімділігін арттыру қызметі ретінде өзінің анықтамасынан түсінікті – барлық салалардың, барлық елді мекендердің, сондай-ақ жалпы елде энергетия тиімділігін арттыру.

Басқарма төрағасының блогы

Сайт бойынша іздеу







© «Астана-Теплотранзит» АҚ