Тұтынушылардың назарына - АО «Астана — Теплотранзит»

Тұтынушылардың назарына

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің 2018 жылғы 4 маусымдағы №82-НҚ бұйрығына сәйкес «Астана-Теплотранзит» АҚ Астана қаласының жылу энергиясын тұтынушыларын жылу энергиясын беру және бөлу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін ҚҚС-сыз 1 190,1 теңге/Гкал, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 маусымға дейін 1 Гкал үшін ҚҚС-ты есепке алмағанда 1 262,4 теңге мөлшеріндегі тарифтің енгізілетіні туралы хабардар етеді.


«Астана-Теплотранзит» АҚ осы хатпен тұтынушыларға қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында 2018 жылдың 5 мамырынан бастап тұтынушылармен жұмыс жасаудың жұмыс режимі өзгергенін хабарлайды. Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма – түскі үзіліссіз 08.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі – 10.00-ден 14.00-ге дейін, жексенбі-демалыс. Мекенжайы: Астана қаласы, І.Жансүгірұлы көшесі, 7, анықтама үшін телефон: 77-12-24.


2018 жылға жоспарланған тығыздыққа сынаулар бойынша ақпарат

“Астана-Теплотранзит” АҚ 2018 жылдың жаз мезгілінде Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасының (Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешімімен бекітілді. Астана қаласының Әділет департментінде 2014 жылғы 8 тамызда № 829 болып тіркелді) «жылу желілері беріктік және тығыздық (гидравликалық тығыздау) сынағына ұшырайды» 16-тармағына және Жылу энергиясын (жылу желілерін) тасымалдау және бөлу жүйелерін техникалық пайдалану жөніндегі үлгі нұсқаманың (Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2012 жылғы 10 ақпандағы № 4 бұйрығымен бекітілді) 10.9.9-тармағына сәйкес «Пайдаланудағы жылу желілерін беріктік және тығыздыққа гидравликалық сынау жылыту маусымы басталғанға дейін жүргізілуі тиіс. Сынау жылу энергиясы көзінің су жылытқыш қондығылары істен ажыратылған кезде, жылуды тұтыну жүйелері істен ажыратылған кезде, тұтынушылардың жылу пунктеріндегі ауашығарғыштар ашық болған кезде, жылу энергиясы көзінен бөлек шығатын магистральдар бойынша жүргізілетінін» хабарлайды. Жаз мегзілі бойы құбырлардың тығыздығы мен беріктігін және орнатылған арматура мен реттеуші арматураны тексеру мақсатында қаланың жылу желілерін гидравликалық сынау жүргізіледі. Осыған байланысты сынауға дайындау және жүргізу кезінде Астана қаласының жеке аудандарына ыстық судың берілісі ажыратылады.

Берілген ұйғарымға сәйкес кәсіпорын мен ұйым басшылары, ПИК және ТК төрағалары осы кезеңде балансында жылу трассалары бар тұтынушылардың ыстық сумен жабдықтау жүйесін істен ажыратып, персоналдың кезекшілігін ұйымдастыруы қажет. Жылу желісіндегі барлық жұмыстар тоқтатылуы тиіс.

Анықтама алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз: 771200, 771211, 792160 (ішкі 101), 771292, 396908.

2018ж. Гидравликалық сынау

Тығыздыққа сынау жүргізу күні Жүктеп алу үшін сілтеме
1 Күні анықталмаған Құжатты жүктеу
2 2018ж.14.05. – 2017ж.18.05. Құжатты жүктеу
3 2018ж.21.05. – 2017ж.25.05. Құжатты жүктеу
4 2018ж.28.05. – 2017ж.01.06. Құжатты жүктеу
5 2018ж.04.06. – 2017ж.06.06. Құжатты жүктеу
6 2018ж.11.06. – 2017ж.15.06. Құжатты жүктеу
7 2018ж.18.06. – 2017ж.22.06. Құжатты жүктеу
8 2018ж.25.06. – 2017ж.29.06. Құжатты жүктеу
9 2018ж.09.07. – 2017ж.13.07. Құжатты жүктеу
10 2018ж.16.07. – 2017ж.20.07. Құжатты жүктеу
11 2018ж.23.07. – 2017ж.27.07. Құжатты жүктеу
12 2018ж.13.08. – 2017ж.17.08. Құжатты жүктеу

2018 жылғы 15 сәуірде жоспарланған су жылытқыштардың бітеулігін сынау бойынша ақпарат

27 наурызданбастап «Астана-Теплотранзит» АҚ желі суының нақты жылыстауын анықтау бойынша магистраль дық желілердің тексерілуін жүргізеді.Астана қаласы желілері тексеріледі.Осы іс-шараның басты мақсаты – желі суының құбырлардың жабық ақаулары арқылы жылыстауын, бекітуші арматура, су жылытқыштар мен тұтынушылардың жылу желілерінің тығыз еместігін анықтау, сондай-ақ желі суының өндірістік және тұрмыстық қажеттіліктерге желі суынның ұрлануын анықтау. Жылу желілерінің контурында тексеру күндерінде дұрыс нәтиже болу үшін адам организмі үшін зиянсыз «Уранин-А» маркалы жасыл бояумен боялған су жіберіледі. Бұл жылу трассаларындағы жылу тасмыалдағыштың жылыстау жерін нақты анықтауын және оларды жою бойынша өз уақытында шара қолдануға мүмкіндік береді.

«Уранин-А» жылумен жабдықтау жүйелерінде қолдануға жіберілгенін және жылыстау боялған индикаторы ретінде рұқсат етілген.Сынау жүргізу «Астана қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ-мен келісілді.

Бояғыштың қолдануы су құбыры сапасына әсер етпейді, бірақ судағы бояғыштың пайда болуы үйдегі ыстық сумен жабдықтау су жылытқышының үйдегі зақымдануы бар екенін көрсетеді және тұрмыстық қажетке арналған жылыту жүйесінен шығатын техникалық су ыстық суға түседі. Егер Сіз ыстық краннан жасыл бояуымен су ақанын көрсеңіз дереу түрде өз басқарушы органыңызға (ПИК) және «Астана-Теплотранзит» АҚ диспетчерлік қызметке 77-12-00, 77-12-11, 77-12-16, 79-21-60(ішкі 101), 77-12-92 телефондар бойынша телефон шалуыңыз керек. Қызмет көрсетуші ұйымдар және ең бірінші кезекте ПИК су жылытқышты жөндеу үшін қажетті шаралар қолдану керек.


«Астана-Теплотранзит» АҚ Астана қаласының жылу энергиясын тұтынушыларды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №161-НҚ бұйрығымен бекітілген 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына ҚҚС-ты есепке алмағанда 1 Гкал үшін 1 204,49 теңге мөлшеріндегі жылу энергиясын беру және бөлу тарифі 2017 жылғы тарифтің деңгейіне дейін төмендетілгені және ҚҚС-ты есепке алмағанда 1 Гкал үшін 1 131,39 теңгені құрайтыны туралы хабардар етеді.


ЖЕЖ метрологиялық тексеру мерзімі өткен және жылу энергиясы үшін есептеу сараланған тарифтің қолданылуымен жүргізілетін Астана қаласының КТҚ тізімі

Тұтынушы атауы Көше Үй №
1 “Өмір” ЖК Қарталы көшесі 18/1
2 “Мұнай” ПИК Потанин көшесі 14/1
3 “Мұнай” ПИК Потанин көшесі 12/2
4 “Мұнайшы” ПИК Ақмола көшесі 2
5 “Нұргүл” ПИК Әлия Молдағұлова көшесі 37/1
6 “Коммунальник-2” ЖШС Жеңіс даңғылы 17б
7 “Коммунальник-2” ЖШС Жеңіс даңғылы 17В
8 “Жас Қайрат 2013” жатахана ПИК Қаныш Сәтбаев көшесі 19/1
9 “Нұржеңіс 2008” ПИК Жаһанша Досмұхамедұлы көшесі 4
10 “Нұржеңіс 2008” ПИК Жаһанша Досмұхамедұлы көшесі 6
11 215 орынды 2 жатахана Ақжол көшесі 30Б
12 “Великий ковчег” ПИК “Астана-Меруерт”ТҮ бл.Б Б. Момышұлы даңғылы 12
13 “Жайлы үйлер” ЖШС 1-блок “Жастар” ТҮ Б. Момышұлы даңғылы 18
14 “Ремтехстрой Астана” ЖШС Айнакөл көшесі 58
15 “Ремтехстрой Астана” ЖШС Айнакөл көшесі 58/1
16 “УК ЖК Орбита” ЖШС Петров көшесі 9
17 Аман Есен 2006 ӨК Айғаным көшесі 27

2017 жылғы 1 шілдеден бастап жылу энергиясын беру және бөлу тарифінің қолданысқа енгізілуі туралы ақпарат

«Астана-Теплотранзит» АҚ жылу энергиясын тұтынушыларды тарифтің өзгеруі туралы хабардар етеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бұйрығына сәйкес жылу энергиясын беру және бөлу тарифі 2017 жылғы 01 шілдеден бастап ҚҚС-сыз 1131,39 теңге/Гкал құрайды.

Хабарландыру

«Астана-Теплотранзит» АҚ 2017 жылғы 22-23-ші мамырда «Рахымов (Қошқарбаев) к-сі, 33, 36, Уәлиханов к-сі, 5, 17, 9, Баянауыл к-сі, 71 бойынша 2Ду 80-200 мм жылу трассасын жобалауды есепке алумен қайта жаңарту», «Брусиловский – Жубанов көшелері бойынша 12 аудандағы 2Ду 65-200мм жылу трассасын жобалауды есепке алумен қайта жаңарту», «Манас к-сі, 19, 20, 21, 22, 23/1, 23/2 бойынша 2Ду 100-250 мм жылу трассасын жобалауды есепке алумен қайта жаңарту», «Кравцов к-сі, 3, 3/1, 5/1, 5, 7, 7/1, 3/2, 5/2 бойынша 2Ду 65-325 мм жылу трассасын жобалауды есепке алумен қайта жаңарту», «Бейбітшілік к-сі, 62 бойынша 2Ду159 мм 2Ду76 мм жылу трассасын жертөледен шығару» жобалары бойынша қоғамдық тыңдалым сауал нысанымен өткізуі туралы хабарлайды.

Жауапты орган және қоғамдық тыңдалымды ұйымдастыру үшін жауапты тұлғаның байланыс деректері: «Астана қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Негманова Ж.М., тел.: 55-75-81. Экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік орган: РММ «Мемсараптама». Тапсырыс беруші: «Астана-Теплотранзит» АҚ. Құжаттаманы әзірлеуші: «Қазақ Сантехжобалау» ЖШС.

Жауапты органның интернет-ресурс мекен-жайы: www.upr.astana.kz. 
Тапсырыс берушінің интернет-ресурс мекен-жайы немесе электрондық поштасы: a-tranzit.kz/ru
Жобаға қатысты материалдарды Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 2 үй, 206 кеңсесі мекен-жайындағы «Қазақ Сантехжобалау» ЖШС-нен алуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуыңызға болады: 8(727)3232312, 8(7172)792160(вн.118).

11 сәуірде