Жылу трассасын балансқа қабылдауға арналған орындалатын құжаттама тізбесі – АО «Астана — Теплотранзит»

Жылу трассасын балансқа қабылдауға арналған орындалатын құжаттама тізбесі

Қаланың коммуналдық меншігіне балансқа беру үшін техникалық тексеру актісіне қол қою үшін тұтынушылар үшін ақпарат (нұсқаулық)

  1. Қызметтерді көрсетуге өтінімдерді қабылдау және нәтижесін беру жүзеге асырылады: техникалық тексеру актісіне қол қою үшін объектінің Тапсырыс берушісі Жансүгірұлы көшесі, 7 мекенжайы бойынша техникалық кеңсеге (тұтынушылармен жұмыс істеу бөліміне) №1 қосымшаға сәйкес атқарушылық құжаттамамен қоса жазбаша өтінім (хат) береді.
  2. Техникалық тексеру актісіне қол қоюды реттейтін нормативтік құжаттар №2 қосымшада келтірілген.
  3. Техникалық тексеру актісіне қол қою үшін мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.
  4. Техникалық тексеру актісіне қол қоюға ақы алынбайды.
  5. Техникалық тексеру актісіне қол қою тәртібі тапсырыс берушінің барлық санаттарына бірдей.
  6. Тапсырыс берушіден берілген өтінім (хат) негізінде техникалық кеңсе (тұтынушылармен жұмыс істеу бөлімі) кәсіпорын әзірлеген, келесі жұмыс күні белгіленген, объект бойынша әрқайсысы өз бөлігі бойынша қорытынды беру үшін 3 (үш) қызметті (өндірістік қызмет, жылу желілерін пайдалану қызметі, ӨБҚжАҚ қызметі) қамтитын ішкі бланктерді ресімдейді. Ішкі бланктерді ресімдеу және оларды қызметке беру мерзімі тұтынушыдан өтінім (хат) келіп түскен күні (демалыс күндерін және жұмыстан тыс уақытты қоспағанда) жүзеге асырылады.
  7. Өндірістік қызмет ұсынылған құжаттар пакетін (атқарушылық құжаттама) қарастырады. Қарастыру мерзімі 1-9 жұмыс күні.
  8. Жылу желілерін пайдалану қызметі объектіге (жылу желісіне) комиссиялық техникалық тексеру жүргізеді. Тексеру мерзімі – 1-9 жұмыс күні.
  9. ӨБҚжА қызметі қашықтықтан жедел бақылау жүйесін (ҚЖБЖ) комиссиялық қабылдауды жүргізеді. Тексеру мерзімі – 1-9 жұмыс күні.
  10. Атқарушылық құжаттаманы қарастырғаннан және комиссиялық техникалық тексеруден кейін қызметтер тексеру актілерін қоса бере отырып, өз бөлігі бойынша қорытынды дайындайды. Тексеру актілерін қоса бере отырып, қорытынды дайындау мерзімі – 1-9 жұмыс күні.
  11. Қызметтерден ескертулер болмаған жағдайда техникалық кеңсе (тұтынушылармен жұмыс істеу бөлімі) қызметтердің қорытындыларын қоса бере отырып, техникалық тексеру актісін бірінші басшыға қол қоюға жібереді.
  12. Қызметтер жылу трассасы, атқарушылық құжаттамасы, ҚЖБЖ бойынша қолда бар ескертулер туралы қорытынды берген жағдайда, өндірістік қызмет тұтынушыға барлық анықталған ескертулерді жою қажеттігі туралы жиынтық хат (жауап) дайындайды. Хатты дайындау мерзімі – 10-ыншы жұмыс күні.
  13. Хатта көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін тұтынушы техникалық кеңсе (тұтынушылармен жұмыс істеу бөлімі) арқылы техникалық тексеру актісіне қол қоюға қайтадан өтінім береді. Бұдан әрі регламенттің жоғарыда көрсетілген тармақтарына сәйкес.

Қосымша №1

Техникалық тексеру актісіне қол қою үшін құжаттардың тізбесі

  1. Пайдалануға енгізу актісінің көшірмесі;
  2. Жылу трассасының бекітілген жұмыс жобасының көшірмесі электронды ПДФ пішімінде;
  3. Деректердің қалалық қорға енгізілуін растаумен тиісті түрде бекітілген жылу желілерінің атқарушылық түсірілімнің көшірмесі («Астана-Теплотранзит» АҚ-қа бұрын берілмеген болса, ұсыну керек)
  4. Жасырын жұмыстарды куәландыру актісі, муфталарды сығымдау актісі;
  5. Түйістер арасындағы қашықтық белгіленген дәнеке түйістердің сызбанұсқасымен түйістердің дұрыс дәнекерленуін тексеру (ультрадыбыстық ақау табу) актісі
  6. Құбырларға, қалыпты бұйымдарға сапа паспорты, бекітуші арматураға және басқаларға паспорттар;
  7. ҚЖБ жүйесін қабылдау актісі;
  8. Жылу трассасының қалған құны (бағалау);
  9. Сыртқы жылу трассасын тексеру актісі.

Қосымша №2

Нормативтік құжаттар тізбесі

р/с Құжаттың атауы Қабылдау күні
1 «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №204- IV
2 «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II
3 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заң 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II
4 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III
5 Жылу энергиясын пайдалану қағидалары ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген
6 Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидалары ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №165 бұйрығымен бекітілген
7 «Астана қаласының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 6 ақпандағы №113-160 қаулы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 наурызда №802 болып тіркелді.