Сәйкестік туралы декларацияға қол қою - АО «Астана — Теплотранзит»

Сәйкестік туралы декларацияға қол қою

Сәйкестік туралы декларацияға қол қою үшін тұтынушылар үшін ақпарат (нұсқаулық)

  1. Қызметтерді көрсетуге өтінімдерді қабылдау және нәтижесін беру жүзеге асырылады:сәйкестік туралы декларацияға қол қою үшін тұтынушы Жансүгірұлы көшесі, 7 мекенжайы бойынша техникалық кеңсеге (тұтынушылармен жұмыс істеу бөліміне) №1 қосымшаға сәйкес атқарушылық құжаттамамен қоса жазбаша өтінім (хат) береді.
  1. Сәйкестік туралы декларацияны қарау және оған қол қоюды реттейтін нормативтік құжаттар № 2 қосымшада келтірілген.
  2. Сәйкестік туралы декларацияны қарау мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.
  3. Сәйкестік туралы декларацияны қарау және оған қол қою үшін ақы алынбайды.
  4. Сәйкестік туралы декларацияны қол қою тәртібі тапсырыс берушінің барлық санаттары үшін бірдей.
  5. Тұтынушыдан берілген өтінім (хат) негізінде техникалық кеңсе (тұтынушылармен жұмыс істеу бөлімі) объект бойынша әрқайсысы өз бөлігі бойынша қорытынды беруі үшін 3 (үш) қызметті (өндірістік қызмет, жылу желілерін пайдалану қызметі, ӨБҚжАҚ қызметі) қамтитын келесі жұмыс күні белгілей отырып, кәсіпорын әзірлеген ішкі бланктерді ресімдейді. Ішкі бланктерді ресімдеу мерзімі және оларды қызметтерге беру тұтынушыдан өтінім (хат) келіп түскен күні (демалыс күндерін және жұмыстан тыс уақытты қоспағанда) жүзеге асырылады.
  6. Өндірістік қызмет ұсынылған құжаттар пакетін (атқарушылық құжаттама) қарастырады. Қарастыру мерзімі – 1-4 жұмыс күні.
  7. Жылу желілерін пайдалану қызметі объектіге (жылу желісіне) комиссиялық техникалық тексеру жүргізеді. Тексеру мерзімі – 1-4 жұмыс күні.
  8. ӨБҚжА қызметі қашықтықтан жедел бақылау жүйесін (ҚЖБЖ) комиссиялық қабылдауды жүргізеді. Тексеру мерзімі – 1-4 жұмыс күні.
  9. Атқарушылық құжаттаманы қараудан және комиссиялық техникалық тексеруден кейін қызметтер тексеру актілерін қоса бере отырып, өз бөлігі бойынша қорытынды дайындайды. Тексеру актілерін қоса бере отырып, қорытынды дайындау мерзімі – 1-4 жұмыс күні.
  10. Қызметтерден ескертулер болмаған жағдайда, техникалық кеңсе (тұтынушылармен жұмыс істеу бөлімі) қызметтердің қорытындыларын қоса бере отырып, сәйкестік туралы декларацияның түпнұсқасын бірінші басшыға қол қоюға жібереді.
  11. Қызметтер жылу трассасы, атқарушылық құжаттамасы, ҚЖБЖ бойынша қолда бар ескертулер туралы қорытынды берген жағдайда, өндірістік қызмет тұтынушыға барлық анықталған ескертулерді жою қажеттігі туралы жиынтық хат (жауап) дайындайды. Хатты дайындау мерзімі – 5-інші жұмыс күні.
  12. Хатта белгіленген ескертулер жойылғаннан кейін тұтынушы техникалық кеңсе (тұтынушылармен жұмыс істеу бөлімі) арқылы сәйкестік туралы декларацияға қол қоюға қайта өтінім береді. Әрі қарай Регламенттің жоғарыда көрсетілген тармақтарына сәйкес.

№1 қосымша

Сәйкестік туралы декларацияға қол қою үшін құжаттар тізбесі

  1. Сәйкестік туралы декларацияның бланкісі
  2. Орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындының көшірмесі (авторлық қадағалаудан)
  3. Қалалық деректер қорына енгізілуін растаумен тиісті түрде бекітілген жылу желілерінің атқарушылық түсірілімі;
  4. ҚЖБ жүйесін қабылдау актісі;
  5. Басқарма төрағасы атына ілеспе хат.

№2 қосымша

Нормативтік құжаттар тізбесі

Р/с Құжаттың атауы Қабылдау күні
1 «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №204- IV
2 «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II
3 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заң 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II
4 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III
5 Жылу энергиясын пайдалану қағидалары ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген
6 Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидалары ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №165 бұйрығымен бекітілген
7 «Сәйкестік туралы декларация» нысаны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 бұйрығымен бекітілген
Теплотранзит