Театр – мәдениеттілікке, мейірімділікке бастайтын баспалдақ. - АО «Астана — Теплотранзит»

Театр – мәдениеттілікке, мейірімділікке бастайтын баспалдақ. Өркениеттілікке, дамыған елдердің қатарына ұмтылған еліміз үшін халықтың, ең алдымен, рухы биік, мәдениетті болуы аса қажет. Театр – көркем сөйлеуге, сөз мәнерін білуге, тіл өрнегін көруге, естуге үйретеді.

Осыған орай тілдерді дамыту мен қолданудың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұлттық мәдениетімізді үгіт-насихаттау  жұмыстарын жүргізу мақсатында мемлекеттік тілді енгізу бөлімі кәсіпорын жұмыскерлерін Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрының репертуарымен ай сайын таныстырып отырады және театрға баруды ұйымдастырады. 2019 жылдың басынан «Ләйлі-Мәжнүн», «Қызыл алма» қойылымдарын тамашаладық.

Теплотранзит