Тұңғыш Президент күніне өткізілген іс-шаралар – АО «Астана — Теплотранзит»

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Астана-Теплотранзит» АҚ мемлекеттік тілді енгізу бөлімі жыл сайын Іс-шаралар жоспарын бекітеді. Бекітілген Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылғы 25-28 қараша аралығында әртүрлі іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда, әкімшілік-шаруашылық бөлімі 25 қарашада мекеме аумағын безендіріп, баннер мен мерекелік туларды ілді.

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында мемлекеттік тілді енгізу бөлімі «Әлем таныған тұлға!» тақырыбында қабырға газетін шығарды.

2019 жылғы 27 қарашада мемлекеттік тілді енгізу бөлімінің ұйымдастыруымен «Астана-Теплотранзит» АҚ жұмыскерлері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіне барды.

Ағымдағы жылдың 28 қарашасында мемлекеттік тілді үйренушілерге арналған «Егемен елдің кемеңгер басшысы» атты тақырыпта бейне фильм көрсетіліп, танымдық  сабақ өтті.