2015-2017 жылдардағы жылу энергиясын беру және тарату бойынша «Астана – Теплотранзит» АҚ қызметі туралы есеп - АО «Астана — Теплотранзит»

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 5-тармағын және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасын орындау барысында «Астана-Теплотранзит» АҚ 2018 жылғы 8 қарашада 2015-2017 жылдардағы кәсіпорынның қызметі туралы жария тыңдау өткізді.

Жария тыңдауда келесі мәселелер қарастырылды: тарифтік сметаларды, инвестициялық бағдарламаларды орындау, 2015-2017 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері, қол жеткізілген нәтижелер, сондай-ақ ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту бойынша тұтынушылармен жұмыс.

Теплотранзит